Жұмбақтар


Ақ сандық айналадан тауып алдым,
Ішінде не бар, не жоқ таба алмадым.

Жұмыртқа



Күрең қызыл түсі бар,
Тағамдардың асылы,
Қуат берер күші бар.

Таба нан



Қалпақты жымырады,
Төбесінен ұрады,
Түзетуге қыңырды,
Дәйім дайын тұрады.

Балға



Бір қыры- балта,
Бір қыры –балға.
Ағашты шапқан,
Шегені қаққан.

Шаппа шот



Азулы хайуан- темір ер,
Әндетіп сүйек кемірер.

Ағаш кескіш ара



Тырс-тырс тамады,
Сайға қарай ағады.

Жаңбыр



Қабат-қабат киінген
Төбеден шашы түйілген.
Жеп көріп едім өзінен
Жас шығарды көзімнен.

Пияз



Тоңғақты таниды,
Беті — қолын қариды.

Аяз



Таусылмайтын ақ мақта,
Қысы — жазы тау жақта.

Қар



Панданы табыңыздар.

Жауабы жақында болады. Пікірге жазыңыздар)



Математикалық әрі логикалық есеп. Ойланып, тауып көріңіздер)

Жауабы: 1



Көзге көрінгенмен,
Ұстасақ қолға тимейді.

Бу



Өзі судан жаралған,
Бірақ судан қорқады.

Мұз



Жылт – жылт етеді
Жылғалардан өтеді

Су



Мен сұйықпын да, мұзбын да,
Тамшысымын жаңбырдың.
Оюланған қыраумын,
Жылымын да, салқынмын.
Шөлдесең кеуіп кенегең,
Мейіріңді қандырдым.
Сыйлаймын мен тазалық,
Рақат беріп денеңе,
Айта қойшы бұл не?

Су



Қамыс құлақ,
Тостаған тұяқ
Мінсең – қанат
Сүті – дәрі,
Еті – тамақ.

Жылқы



Айран берген, құрт берген,
Шелек-шелек сүт берген,
Айтыңдаршы балалар,
Бұл қандай мал, кім білген?

Сиыр



Тілі былдыр, үні сылдыр.

Жаңбыр



Бүріп қойған сағаттай,
Айқайлайды таң атпай.

Әтеш



Ұшқаны қызық жалпылдап,
Өзі сондай қарқылдақ.

Қарға



nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)