Анекдот, әзілдер, қазақша анекдоттар

...ДЕГЕН ЕКЕН» Бірішні кітапша
САҒИДЫҢ СЫҚАҚТАРЫ

Алғы сөз
Атым- Сағи, Әбілхасенұлымын,
Торғайда өтті бар қызықты ғүмырым.
Дертке шипа суы әлемге танымал,
Қарғалыда тудым Тосын құмының.
Осы өлең шумағы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі «Көңіл кұсы», «Таң қаласың кітаптарының авторы.
Сағи ағамыз жоғары білімді педагог журналист. Ұзақ жылдар Торғай облыстық «Торғай таңы», Жангелдин аудандық «Жаңа өмір» газеттерінде қызмет атқарған. Аудандық ақындар айтысының жанашыры ретінде, ұлттық дәстүріміздің жандануына үлес қосқандардың бірі.
Сағи Әбілхасенұлының нағашылы - жиендеріне арнаған бірқақпайлары бір төбе. Оның
шығармашылық өнері сонау мектеп қабырғасында жүргенде бастау алады. Бұдан әрі табиғи таланты бірте - бірте өріс алып әзіл-оспақтары, сықақтары мен өлендері мерзімді баспасөз беттерінен көрініп тұрады. Сәкең бүгінде жетпістің желкесіне шықсада өмірден көрген - білгендері мен ойға түйгендерін оқырмандарға жеткізуде. Әлі де қалам тартудан жалығар емес.
Е.ҚАЛМАҚОВ

ЖҮГІНІСКЕ
Сағи Әбілхасенұлының әсіресе, балалықтың бал қызығын бірге қызығын бірге татысқан, бірге ойнап доп қағысқан достарының бірі Жүгініске;
Далақтап көпжугіріс,
Пайда бермес Жүгініс.
Шөлдеген, сірә боларсыц,
Үйге жүріп, қымыз іш, - деген екен.

ШАРШАҒАНЫҢ БІЛІНДІ
Бірде ауыл балалары күнделікті дағдымен бас қосып асық ойнағанда Қапаштың жолы болып, үлкен «олжаға» батса керек. Оны Сағи былайша қағытыпты;
Қолың мерген мықтым — ау,
Асыгын жұрттыц ұттыц - ау.
Мәз -мейрам боп секіріп.
Үйіне қарай зыттың - ау.
Шаршағаныц білінді,
Ойынға кеш шықтың - ау..


ОРЫНДЫ ЖАУАП
Қарғалы атырабының тал, жиде өскен түйе өркеш құм төбелерінің арасынан әкесінің мінер атын әрең ұстап алып, ауылға келген Сағиға көршісі Қажен;
- Уәде қайда, сені балық аулауға бірге бару үшін ұзақ күттім? - дегенде Сағи;
Әкем аты жорға еді,
Көптен бері қолда еді
Тойынсын деп жіберсек.
Ұстап алдым зорға енді,
-деп Қажыған қалып танытыпты.


ҚЫСТАУБАЙ АТАМ СИЯҚТЫ
Ақын Сырбай Мэуленовтің «Тосын жазы» өленіңде;
Қой өрді таңсәріде үдеріле,
Қара атты Жаркешудің түбегіне.
Келеді қой соңында Қыстаубай шал,
Ақырын қамшы сыйпап күреңіне.
деген шумағындағы Қыстаубайдың жалғыз үлы Қауденнің малсақтығын:
Қара қойды қашаған,
Тауып алды тасадан.
Қыстаубай атам сияцты,
Таниды қойды даусынан
-деп Сағидың үйлестіре қойғаны ұтымды.


АРБАМЕН АСЫҚПАҒАН ҚОЯН АЛАР
Сағи айтқан екен сөздер көпшілік арасында - аракідік әңгімеленіп тұрады. Осыны үнемі естіп сезген Мәлікзада Нұрханұлы Ахметбеков
Ақындықтан бар сияқты хабарың,
Таудай болсын, інім Саги талабыц.
Алтыныңды ішіне көп сақтамай,
Шығара алсац сыртқа түбі жарадың,
-десе 10- сынып оқушысы Сағи жанұясымен етене араласып өскен ағасы Мәлікзадаға:
Ағасьі бұл сауалыц ойымда бар,
Жырымда көпшілікке аян болар.
Ештен кеш жақсы деген бар емес пе,
Арбамен асықпаган қоян алар,
-деп қиналмай жауап беріпті.


ТҮҢҒЫШ
Сонау елуінші жылдардың ішінде Жанкелдин аудандық «Жаңа өмір » газетінің кезекті нөмірінде Сағидың «Тұңғыш» атты өлеңі жарық көреді. Өлеңді қайта - қайта оқып, көңілі көтерілген жас жігіт газет редакторы Тайпа Сапарғалиеваға:
Қадірменді апамыз,
Болса кешір қатамыз.
Азын - аулақ жыр жазсақ,
Жіберіп сізге жатамыз,
-деп ризашылығын білдіртіпті.


ЖҰМБАҚТЫҢ ШЕШІМІ
1958 жылдың шілде айы. Сағи ежелгі досы Сағындық Мырқалиевпен бірге Алматы - Қостанай бағытындағы пойызбен елге келе жатады. Олармен сапарлас Қазима, Күлдір атты қыздар да болады. Бір кезде әлгі екі қыздың әскери киінген үш орыс жігітімен әңгімелесіп түрғанын көзі шалған Сағындық оны Сағиға былайша жұмбақтап жеткізеді.

Келеміз Қазақстан даласында,
Алматы - Қарағанды арасында.
Мен көрдім үш сұңқардың шүйілгенін,
Бір көлде екі аққудың баласына.
Өзіңде бірге келе жатыр едің,
Осыны көрмедім деп танасың ба.
Сен де бір ақын жанды жігіт едің,
Шешуін жұмбағымның табасың ба?
Сағидың досына жауабы:
Мазмұны жұмбағының жаным ұқты.
Не деген жандар еді жолы құтты.
Бір көл деп отырғаның вагон екен,
Екі қызға үш офицер жолығыпты.


ҚАЙРАН ЖАСТЫҚ -АЙ!
Бала күннен жұптары жазымаған Сағи Әбілхасенұлы мен Сағындық Мырқалиев Қазақтың Әл -Фараби атындағы мемлекеттік университетінің филиология факультетінде оқып жүрген кезі болса керек. Калинин жатаханасында бір бөлмеде жатады.
Бір күні бұлардың бөлмесіне екі бойжеткен келіп Сағиды ертіп әкетеді. Ол досына мұның жай - жоспарын айтпайды. Осыған ренжіген Сағындық Сағидың алдынан төмендегі ренішін жазып қойыпты:
Қымбатты жан Нәпен дейсің,
Басқаларды бөтен дейсіц.
Сыйпаттайтын сол аруды.
Достыц жолмен өтердей сын.
Құдай оныц келтірмеген.
Ешкі - лақтай секеңдеген.
Алып - қашпа мінезі бар.
Жігіт көрсе елпілдеген.
Бір ақылды қыз дедің бе,
Қайта - қайта іздегенге.
Болса ақылың көрінгенге,
Жүрегіңді үзбелеме.
Досының өкпе - назына Сағи былайша жауап қатыпты.
Қызы ғой ол Семейдіц,
Баянға оны теңеймін.
Ас қүймаспыз түріне,
Қалпын жаман демеймін.
Өзі келіп тұрғанда,
Соңына қалай ермейін.
Көре алмастай осыны,
Төмен бе еді деңгейің,
Көзге түссең дәл мендей,
Саған қарсы келмейін, - депті.


ТІЛІНЕН ТАУЫПТЫ
Шеген ауылының Қарақұдық бөлімшесінің басқарушысы Баймұрат Тұрғынбеков қолы ашық, пейілі кең жан болған көрінеді. 1972 жылдың қысында Сағи жанындағы үш - төрт кісімен оның үйіне атбасын тірейді. Уақыт өте олардың алдына қазы - картасы мол ет те әкелінеді. Қонақтарға шампан құйылады.
Осыны пайдаланып Сағи нағашысы Баймұратты табанда әзілге алыпты:

Баймұрат білесің бе ар — ұятты ,
Бір ісің мені тағы қатты ұялтты.
Шампанның әйел ішер кімге таңсық.
Бар болса әкеліп құй конъякті.

Бұл сөз үй иесінің шымбайына батса керек, бөлімше дүкенін түн ішінде аштырып коньяк алдыртыпты.
Сөйтіп, Сағи ағамыз тілінен тауып, коньяк ішуге мәжбүр болыпты.


РАХМЕТ, НАЗ АҒА!
Белгілі торғайлық ақын Назарбек Бектемісов тұңғыш жарық көрген «Ақшығанақ» атты кітабын Сағиға сыйлап, інісіне төмендегідей сөз қалдырыпты:
Жырымда сенің Тосының
тұтас қамтылған,
Жан едің бір кеудеңде мөлдір
сыр тұнған.
Әдебиет өрінен інім - көрінсін,
Арқалы ақын Нұрхандай биік
нар тұлғаң.

Наз ағасына Сағида ықыласын жырмен жеткізіпті:
Шабытың осы беттен
жаңылмасын,
Кітабын бұдан әрі қалыңдасын.
Өзіңді үлгі тұтар кейінгі ұрпақ,
Ақынсың әуел бастан мысың басым.


ҚАРСЫЛАСПАЙ КӨНЕНДІ
Аудан ақындарының айтыс кезінде ақын Төленді Арыстанбеков:- Сағиға маған бата беріп көрші,- деп жездесіне сөз тастайды. Сонда Сәкеннің...
Балдызымсың Төленді,
Баыынды сынап көр енді.
Бұрқыратып жіберші.
Ел алдына өлеңді.
Талабына айтыстың,
Қарсыласпай көн енді.
Бас жүлдені қолыңан,
Басқаларға берме енді,
-дегені ел есінде.


ҰҚСАЙДЫ СОҒАН КЕЛБЕТІ
Сағи Әбілхасенұлының облыстық Торғай таңы газетінің меншікті тілшісі кезі. Редакңияның бір бөлмесінде журналистер

Жұматай Сабыржанов пен Жұмабек Жанділдин қарама - қарсы отырады.
Бірде Сағидың көзі олардың алдарында жатқан суретке түседі. Оның төменгі жағында «Жұмабек — XX ғасыр жендеті» - деген әзіл тайға таңба басқандай көрінеді.
Осыған қарап Сағидың езу тартқанын сезген Жұматай:- Ағасы, осы жолға енді үш жол қосыңызшы, - деп қолқа салыпты.
Әріптес інісінің сөзі аяқсыз қалдырмаған Сағи:
«Жұмабек - XX ғасыр жендеті»,
Үқсайды соған келбеті.
Сұмырайлардан осындай,
Тазарса екен жер беті,
-деп толықтырыпты.


СЫЙҒА- СЫЙ

Торғай совхозының «Қарғалы» бөлімшесінің басқарушысы Жалбыр Жайнақбаевқа бірде Сағи жүргінші арқылы мына мазмүнда хат жолдайды:
Әлі есімнен жақсылығың кетпейді,
Дей алмаймын саған сөзім өтпейді.
Бір өзіңнен қайырым күтем биыл да,
Жиған шөбім қыста малға жетпейді.
Жалбырдың жауабы:
Білемін ғой саган бөтен емеспін,
Бүл сөзіңді әсте артың демеспін.
Жыңгылдыдан барып шөпті тиеп ал,
Құрбым едің бала күннен бірге өскен.
Сағидың айтқаны:
Қалпың маған ұнады.
Қаның қңатты бұрады.
Айтқан шаруам өзіңе,
Ойдағыдай тынады.


ОРАТЫП АЛЫП ТАСБАЙДЫ
Шеген ауылының байырғы тұрғыны Рамазан Жарманов мал қамы, шаруа жайына қатты қарайды екен. Ол жылдағы әдетімен бірде совхоз трактористерінің тілін тауып, Тасбай қопасынан керегінше құрақ оратып алады.
Көршісінің осы ыждаһаттылығын Сағи басқаларға былайша оп -оңай ғана жырмен жеткізеді:

Оратып алып Тасбайды,
Рекең біздің саспайды.
Қанша жемшөп жисада,
Албарынан аспайды.
Сұраншаң мінез көрсетіп,
Ешкімге ауыз ашпайды.
Мал маңынан көп ұзап,
Қаргы адым жер баспайды.



АМАН БОЛ
Сағи мұғалімдіктен зейнеткерлікке шыққанда оның әріптесі Қабдеш Қабжановтың 60 жасқа толуына жылға жуық уақытты қалыпты. Бір кездескенде Сәкең оны:
Пенсияға мен кеттім,
Жұмысты қойдым доғарып.
Мектепте жалғыз сен қалдың,
Обадай боп омалып.
Тілегім сол аман бол.
Түйе іздеп кетпе жоғалып!
-деп әзіл қармағына іліпті.

ЖОЛ БОЙЫНДА
Ертеде Сағи туған күйеу баласы Аманғали Әуелбековтың машинасымен Торғай - Ақкөл бағытына жолға шығады. Қорапты машинаның үстінде Қарақүмнан бөгет - тоған асаушыларға деген азық — түлік түрлері. Оның сыртында бірнеше жэшік қызыл арақ, сыра. Шөптікөл бөлімшесінің түсында Сәкең күйеу баласына қарап:
Ақселеу басын бұлғайды,
Тамағым неге құрғайды.
Айналайын, күйеужан,
Уәдесінде тұрмайды,
- деп әзіл тастайды. Мүндайда қарап қалатын Аманғали ма, екі шөлмек сыраны орталарына қойыпты.


ОҢАШАНЫ ПАЙДАЛАНУ
Көтерме жол үстінің көп жері шоқалақ, жырым — жырым сай - сала. Арада бірер сағат өткенде аспаннан төнген қараша бұлт жаңбырын құйа салады. Күн ашылады. Ауа жаңарып, жер беті түрлене түседі.
Осы сәтте Аманғалидың; - Қүм бораны басылды, айнала тамаша болды,-деуі мүң екен, Сағи оған:
Тамаша ғой айналаң,
Жаңында отыр қайнағаң.
Ішем десең жүз грамм,
Оңашаны пайдалан,
-деп қалады. Бұдан әрі машинаны тоқтатады. Көк шалғынның үстіне дастархан жайылады.


ЖЕДІҢ ҒОЙ КІСІ ҚАҚЫСЫН
Ертеде қайсыбір шопандар өзара келісіп жеке адамдардың ұсақ малдарын отарына қосып ағып береді екен. Бірақ алуға барғанда сол малдарын бермей «Су аяғы - құрдымға» жіберетіндер де кездесіпті.
Сағидың да сондай шопандарға тап болғаны мына шумақтарынан байқалады:
Қанағат етіп барыңды.
Көрінбедің жағымды.
Әдей іздеп барғанда,
Ағайын - ілік едің де,
Құдайдай саған сенддім де.
Ойымнан бірақ шықпадың,
Естісін мұны ел, міне.
Ұнамады бұл ісің,
Жедің ғой кісі қақысын.
Көпсіңсен егер алғысты,
Аларсың көптің қарғысын.
Қарамадың ұятқа,
Атсын сені аруақ та.
«Олжаңды» жұмса дәріге.
Ұшырап үлкен сырқатқа.
Жақпасын осы қылығың,
Тар екен ғой ұғымың,
Аяққа бастың арыңды.
Қызықсыз өтсін ғүмырың.
Бірі бол, қарғыс атқанның,
Бұйырмасын тапқаның.
Ахиретке барғанда,
Азап болсын тартқаның.

ҰМЫТЫП КЕТІПТІ
Қысқы соғымға үлкенді - кішіні шақырып дәм ауыз тигізіп, аруақтарға құран бағыштау халқымыздың қанына сіңген қасиет ғой. Сол дағды бойынша ауыл адамдары азамат Шәрменов Бабақайдың үйіне қарай бет алады.
Осы сәтте көшенің қарсы бетінен қосылған Жамалиев Нысанғали замандасын көріп Сағи:
Түгелбайдың бірі еді,
Күнде шеке жегені.
Шақырған үйге тағы да,
Ентелей басып келеді.
Қомағай сонша болудың,
Жоқ қой енді керегі.
Дәм аңдыған адамның,
Болмас елге беделі.
Қайырмасаң қарымта.
Ешкімнің жоқ берері.
Нысаным, еске ал осыны,
Сағидың болар дегені.
Осы алдын - ала жазылған әзілінен оның қолына ұстата беріпті.
Бірақ шекеге баратыңдардың қатарынан өзінің де қалмайтынын ұмытып кетіпті.


КҮТЕ БЕР, ҚАРА ШАЛЫҢДЫ
Ғайни апамыздың туған күнін атап өтеуге келгендер оны дастархан басында айтулы күнімен қүттықтап жатады. Сөз кезегі Сағи ағамызға келгенде жұбайына:
Қартайдым деп жұқарма,
Болаттай бол мұңалма.
Уақыт жедел өтті де,
Алпыс үш қалды артыңда.
Ашты Алла бағыңды,
Сындырмады сағыңды.
Іздегенің алдыңнан,
Қиналмай - ақ табылды.
Естілсін атың жағымды,
Таза ұстай бір арыңды.
Бабын тауып мына отырған,
Күте бер, қара шалыңды,
- деп көпшілікті бір күлдіріп алыпты.


ҰҚСАЙСЫЗ СІЗ АСЫЛҒА
Ауыр науқастанып жатқан қайнағасы Мағызұм Хамитұлы Сағиды шақырып алып:- Шырағым, ақындығың рас болса, жұрт есінде қалардай маған бір жыр арнашы, - депті. Сағи ол кісінің тілегін орындапты. Сондағы жазғаны:
Үқсайсыз сіз асылға,
Әр нені ойлап жасыма.
Дертіңізден айығып,
Бол балларың қасында.
Шипалы болсын еміңіз,
Сексенді де көріңіз.
Тойыңызды сол күнгі,
Өтейік атап бәріміз.
Қызыға сізге қараймыз.
Асқар тауға санаймыз.
Алшаңдап басып үйіңе,
Келейік әлі талай біз.
Бірақ аталған Қария 73 жасында дүние салыпты.


БАҚЫТЖАННЫҢ ЖОЛЫ БӨЛЕК
Бірде аяғы ауырып Сағи ағамыз бір жетідей науқастанып қалады. Бірақ дер кезіңде дәрігерге көрініп, ем қабылдайды. Сонда көңілін сұраған көршісі Сырым деген жігітке:
Бақытжанның жолы бөлек,
Жан қысылғанда керек.
Диагнозын дәл тауып,
Жасайды жедел көмек.
Мысқылдап кірген сырқаттың,
Қояды алдын бөгеп.
Аяғымның ақауын,
Берді ініміз жөндеп,
-деп өзін емдеген Әулиекөлдік терапевт - дәрігер Бақытжан Жүсіповтің мәртебесін өсіріп, айбынын асыра сөйлепті.


ДӘМІАУЗЫМНАН КЕТПЕЙДІ
Шілденің аспан айналып жерге түсердей ыстығында Арқалық ауданы, Майкөтов ауылының азаматы, кәсіпкер Шәкен Сәттарұлы Әбікенов Сагига базардан бір рет қымыз әперіп сусының қандырыпты. Соңында Сәкең қолын жайып, ерекше ықыласпен оған:
Крутойлар көп дейді,
Бірақ саған жетпейді.
Кейбіріне балдыздың,
Сөзім онша өтпейді.
Сен әкелген қымыздың,
Дәмі аузымнан кетпейді.
¥зақ жасап,қызың көр,
Батамен ер көктейді,
-деп рахметін айтыпты.

ҚОЛТАҢБА
Алпыс жасқа толған балдызды Аман Молдахметқызына Сағи «Көңіл құсы» кітабын ескерткішке сыйлап, оның мұқабасының ішкі бетіне мынадай қол таңба қалдырыпты.
Айтқаныңды қолдаймын,
Қызысың сен Томайдың.
Балдызымсың сүйкімді,
Перзентісің Торгайдың.
Алдыңа апаң, ағаң бар,
Соңынан ерген қараң бар.
Бажамның әттең жоқтығы,
Көңілің соған алаңдар.
Әлі де сен, гүл дейсің
Ренжуді білмейсің.
Кемпір болдың дегенге,
Құдай біледі көнбейсің.
Теңіздей шалқы ортайма,
Жасара бер қартайма.
Кітабымды жиі оқы,
Жастық қойып жантайда.


СӨЗІ СҮЙЕКТЕН ӨТКЕН БОЛАР
Әулиекөл ауылында тұратын Жолдыбай деген азамат Сәкең үйінен арақ дәметіп, күнде есік тоздырыпты. Ол бір сауыққанда көршісіне Сағи мына өлең шумағын ұсыныпты:
Белесі бар ма ішіңнің,
Арақтың түбін түсірдің,
Қалт - қүлт етіп құлаумен,
Бетіңді талай ісірдің.
Бірінің тілін алмадың,
Үлкен менен - кішінің,
Аулаң, аулаң жүр әрі,
Мазасын алмай кісінің.
Осы сөз сүйектең өткен болар, ол бүдан былай Сағидың үйінің маңайын баспайтын болыпты.





ӨЛЕҢІМДІ ОҚЫҒАН ҒОЙ
Сағи Қостанай қаласының ішінде келе жатқанда бір еңкейген орыс кемпірі оған басын иіп тұрып сәлемдесіп өтеді. Сонда жанындағы құрдасы Төкеш Шораханов:
-Досым -ау, бұл кемпір сені қайдан біледі?- депті тандана.
-Сағи болса:- Менің өлеңдерімді Жанкелдин аудандық «Біздің Торғай» газетінен оқыған ғой, - депті еңсесін сәл көтеріп.


«ӘУЛИЕКӨЛДІ КІМГЕ ТАПСЫРАМЫЗ»
Әулиекөл ауылында тұратын Сағи Әбілхасенұылы мен көршісі ақын Сағындық Досмағанбетов арасында телефон арқылы мынадай әңгіме болған көрінеді.
- Сағындық, не жаңалық, ауылдасың ба?
- Құдай қаласа, ертең Қарағанды қаласына жүрмекпін.
- Жолың болсын, мен де Торғай жаққа аттанғалы отырмын. Сонда екеуміз бірдей кеткенде Әулиекөлді кімге тапсырамыз,- депті Сағи.


«БҰЗЫЛМАҒАН ФИГУРАҢ»
Бұрын партия, Совет қызметтерін атқарып, шаруашылық басқарған Ғабжәлел Әлібековтың мінезі мен түлғасын тайға таңба басқандай қылып былайша өлеңмен өре салған:
Бірісің сен «Көкжалдың»,
Шаршы топты қақ жардың.
Көш соңында қалмадың,
Әке көріп, оң жондың.
Аузыңда түскен бір тіс жоқ,
Бетіңе әжім- қыртыс жоқ.
Жүрісіңде тым ширақ,
Көрінесің әртіс боп.
Қызығамын мен бұған,
Бұзылмаған фигураң.
Кұлайшаның күтімі,
Шамасы саған ұнаған.
Қалпыңды көріп айтарым,
Тіфэ! деп бас шайқадым.
Жетпісті дәл мойындар,
Түрің жоғын байқадым.
Осы күйден тайма әрі,
Аспанға шығар айды әлі.
Атана бер Торгайдың,
Бетке шыгар қаймағы.


ТҮСЕ БЕРМЕ КӨЗГЕ
Дастарқанға қойылған дәмнен қонақтар ауыз тие бастайды. Әсіресе сүзбені тамсана татып ұнатушылар көп болады. Соны сезген Сағи ағай жұбайы Ғайниға:
Жасапсың дәмді сүзбе,
Дастарқаннан үзбе.
Сұқтанардай өзге,
Түсе берме көзге,
-деп отырғандарды бір күлдіріп алыпты.


ҚАЛМАДЫ САРҚЫТ АРТЫЛЫП...
Торғайлық азамат Сұлтанғалиев Қуаныш қызмет бабымен Южный совхозына қоныс аударады. Оның жанұясы осы ауылда кәсіподақ комитетінің төрағасы болған Шағала Саматовтан босаған үйіне орналасады. Бірде осында сапармен жүрген Сағи Әбілхасенұлы нағашысының жаңа мекен-жайына құтты болсын айтуға барады. Оларға шағын дастархан жайып, дәм әкеледі. Соңында Сағи Қуанышқа арнап мынандай әзіл-оспағын тастаған көрінеді.
-Дәл шетінде елдің,
Жағасында көлдің.
Шағаланың ұясын,
Мекендепсің көрдім.
Жүруден әкең қалыпты,
Шешең әбден арыпты.
Дәміңнің дені картоп қой,
Ұмытыпсың ет пен балықты.
Құйған болдың жартылық,
Іше алмадым тартынып.
Ыдыстарың кішкентай-ай,
Қалмады сарқыт артылып...


МАҚСҰТБЕГІМ МЕНІҢ
Сағи ұзақ жыл «Москвич - 412» жеңіл машинасының қызығын көріпті (өзі бұл машинасын «Ақ кербез» деп атайды екен).
Ағамыз машинасын әдемі жүргізгенімен, оның ішкі құрылысынан бейхабар болыпты. Сондықтан сәл ақау білінсе, Торғай совхозының бас инженері Мақсүтбек Жұмағалиевқа барып: Мақсұтбегім менің.
Біледі машинасының емін
Ағасының «Ақ кербезін»
Жөндеп береді тегін,
-деу әдеті екен....

Ілмектер: САҒИДЫҢ СЫҚАҚТАРЫ, САҒИ, Саги Әбілхасенұлы, деген екен, әзілдер

Баласы мен әкесі:
- Балам, өскенде кім болғың келеді?
- Аяз ата!
- Негеее?
- О, күшті ғой қайта! Бір-ақ күн жұмыс істейсің да, 1 жыл бойы демаласың!!!

Ілмектер: Баласы мен әкесі, жұмыс, демалыс

Бiр жiгiт ұйықтап жатып өлiп кетiптi. О дүниеге барыпты. Ақ сақалды бiр шал отыр екен. Ол жiгiттiң iстерiн таразыға салып өлшеп көрсе күнәсi мен сауабы тең түсiптi. Содан шал жiгiтке сен өмiрге қайтып ораласың бiрақ адам емес тауық немесе жылқы болып, өзiң таңдап шеш дептi. Жiгiт ойланып тұрып жылқы болсам үстiме адамдар мiнедi тауық болайын деп шешiптi. Сонымен бiр кезде қараса тауыққорада екен. Адамдар бiр тауықтардың басын шауып жатыр екен. Жiгiт қасындағы тауықтан неге екенiн сұраса тумаған соң шауып жатыр дейдi. Құрсын мен де туайын деп бар күшiмен кушенсе бiреу бетiнен салып қалыпты. Көзiн ашса әйелi тұр екен. Сүмелек бұтыңа жiберiп қойдың гой деп айқай салыпты.

Ілмектер: анекдот, адамнын өмірі туралы

Екі теңізші
Бір соғыс кемесі қараңғы және тұманды түнде жүзіп келеді. Басқару бөліміндегі капитан алдында ұзақтан жақындап келе жатқан жарықты көреді. Дереу қарсы бетке сигнал жіберіп, араларында мынадай әңгіме өтеді:
- Тез арада бағыттарыңды шығысқа қарай 30 градусқа бұрыңдар!
Сол мезетте қарсы жақтан да жауап келеді:
- Өздерің бағыттарыңды батысқа қарай 30 градусқа бұрыңдар!
Капитан мұндай жауапқа таңырқап, ашуланады. Екі жақтың араларында өткен диалог бір неше рет өзгеріссіз тағы қайталанады.
- Мен 30 жылдық капитанмын, саған соңғы рет қайталаймын, бағытыңды шығысқа қарай 30 градусқа бұр!
- Сен 30 жылдық капитан болсаң, мен де 20 жылдық теңізшімін. Сен бағытыңды батысқа қарай 30 градусқа бұр!
Капитанның ашуланғаны соншалықты, экипажына барлық зеңбіректерді атуға дайындауды әмір етеді де, соңғы рет хабарламаны жібереді:
- Бұл әскери кеме, тез арада бағыттарыңды шығысқа қарай 30 градусқа бұрмасаңдар оқ жаудыра бастаймыз!
- Ал бұл жер шамшырақ (маяк)... Сендер бағыттарыңды батысқа қарай 30 градусқа бұрмасаңдар, біраздан кейін жартастарға ұрылып қирайсыңдар...

Ілмектер: теңіз, кеме, Екі теңізші, маяк

Агата Кристиге таныстары:
-Неге археологқа күйеуге шықтыңыз? — десе, ол:
-Бұларға көнерген сайын құның арта беред — деген екен.

Ілмектер: Агата Кристи, археолог

Баяғыда бір бай болыпты. Қорасы қойға толы, шарасы майға толы екен. Бір күні байдың қорасындағы малына ұры түседі. Ұрыны ұстап алып.
- Атың кім? - деп сұраса
Ұры:
- Әрине - деп жауап береді.
- Не істеп жүрсің? - десе, тағыда әрине деп жауап беріпті.
- Елің қайда? - десе
"Әрине" - деп айта беріпті.
Сонда бай:
- Мынаның есі дұрыс емес шығар жіберіңдер. - деп босатады.
Сонда ұры:
- Қойға келген ұры едім, әринемен құтылдым деп қашып кетіпті.

Ілмектер: әзіл, ұры, бай

Ертеде бір еріккен хан «Кім де кім есекті сөйлетсе соған екі қап алтын беремін, ал сөйлете алмаса басын шабамын» деп жаханға жар салыпты. Еcекті кім сөйлете алсын. Көпке дейін ешкім келмепті. Бір күні Алдар көсе ханның алдына барыпты. Өзінің есегін көрсетіп, "Мына есегімді сөйлете аламын. Ол үшін сіз маған 20 жыл уақыт және алтындарыңызды алдымен беріңіз." - депті. Ешекті сөйлетемін дегенге таң қалған хан шартына көніп екі қапты алтынды есегіне артқызып егер сөйлете алмасаң басыңды аламын деп Алдарды жіберіпті. Алдарды көрген адамдар оны аяп, О ақымақ ешекті қалай сөйлетесің, ертең басыңды алады ғой. –депті.
Сонда Алдар,
— Мен емес сендер ақымақсыңдар. 20 жылға дейін не хан өледі, не мен өлемін, не есек өледі ғой. – деген екен.

Ілмектер: Алдар, хан, Еcек, Алдар көсе

Әдебиет сабағында:
Мұғалім: Бүгінгі тақырыбымыз - "Қозы Көрпеш пен Баян сұлу"
...Сарыбай Қарабайдың баласы Қозыны бесікте көргенде қорыққан екен.
Оқушы: Апай, сізде қошақанды бесікке бөлеп қойса қорқатын едіңіз ғой!

Ілмектер: Әдебиет сабағы, мұғалім, Қозы Көрпеш пен Баян сұлу

Бір күні бір студент бала әкесіне хат жазыпты.
" Сәлеметсізбе, әке! Жағдайларыңыз қалай? Сіздер жіберген ақшаны үнемдеп, күніге автобустың артынан жүгіріп барып, жүгіріп келіп 50 теңгеден 100 теңгені үнемдеп жүрмін."
Әкесі баласына былай деп жазыпты:
"Балам енді микроавтобустың артынан жүгірсең, күніге 80 теңгеден 160 теңге үнемдейсің!"

Ілмектер: студент, автобус, үнемдеу.

Бір жігіт үйленіпті. Тауға шығып, бар дауысымен айқайлап:
- Мен үйлендім!
-дауыс қайталанбапты (эхо жоқ)
- Мен Үйлендім!
-дауыс қайталанбапты (эхо жоқ)
Мен үйлендім!
- Бекер істегенсің! Бекер істегенсің! Бекер істегенсің!

Ілмектер: Жігіт, үйлену, эхо

Мектепте оқитын бала әкесіне:
- Әке, ертең мектепте "Айтуға оңай" болады.
- Қоой! Шын ба? Ура! Так-так... Киімді үтіктеу керек...
- Өй, папа, жиналыс болады. Қайдағы айтуға оңай? Ертең сағат 12:00-де. Кешікпе!

Ілмектер: Мектеп туралы анекдот, жиналыс

Автобуста кәрі кемпір арық жас адамға орын бермекші болады:
- Отыр сормаңдай, соншама неге арықсың? Науқассың ба?
- Жоқ, рахмет. Мен - студентпін.
- Онда сырт киіміңді бер, ұстап тұрайын !
- Бұл сырт киім емес, бұл менің досым - Арман !!!

Ілмектер: автобус, арық, студент

Көлігі апатқа ұшыраған автобус жүргізушісінің басына келетін ең бірінші ой:
-ААА, тиындар шашылатын болды!

Ілмектер: тиын, Көлік апаты, автобус, жүргізуші

Бір күні қазақ,орыс, өзбек келе жатып бір байға кезігеді. Бай оларга кімде кім менің койымды мәәә дегизсе соған бар байлығымды берем депти. Сомен орыс пен өзбек мәәә дегізе алмай койыпты, ал қазақ барып койдың котіне ине тығып алады сол кезде кой мәәә дейді екен, бай тағы енди қойымды ыыі дегізіп беріңдер депті. Орыс пен өзбектен ештеңе шықпайды қазақ барып кешегідей артыңа ине тығып алайын ба дегенде қой ыыі депті, сөйтіп бар байлық қазаққа калады

Ілмектер: қазақ туралы анекдот, қазақ өзбек орыс

Ворд, пайнт және гугл хромды жақсы қолдана білетіндіктен мені жұмыста «программист» деп атайды.

Ілмектер: Ворд, пайнт, гугл хром, жұмыс, программист

Егер түнде, шынымен, тамақ ішуге болмайтын болса, онда тоңазытқышты ашқанда, неге жарығы жанады?!

Ілмектер: тоңазытқыш, тамақ

- Кезінде әке-шешемді бекер тыңдамаппын. Қазір соған өкініп жүрмін.
- Әке-шешең не деп еді?
- Қайдан білейін? Айтып тұрмын ғой, тыңдамаппын

Ілмектер: Әке-шеше, тыңдау, өкіну

- Үйленер алдын тақыр кедей екеніңді неге айтпадың, албасты???
- Неге айтпадым? Айттым ғой. «Барым да, бағым да - сенсің!» дегенімді романтика деп ойлап қалдың ба?

Ілмектер: романтика, кедей, үйлену

Әжесі бес жасар немересіне:
– Құлыным, қарашы, «бип-бип» келе жатыр.
– Әже, қойшы, қайдағыны айтпай. Бұл BMW 325 қой!

Ілмектер: Әже, немере, bmw

Бір тәкаппар адам жамағаттың арасында аяғын созып, керіліп отырған еді. Мұны көрген Қожанасыр да оған қарай аяғын созып алады. Бұған тәкаппар адам ашуланып, айғайлай бастайды:
- Өй, сен маған құрметсіздік жасадың ғой, сен және есектің арасында қандай айырмашылық бар өзі?- дейді.
Сонда Қожанасыр дереу өзімен әлгі адамның арасындағы қашықтықты өлшеп:
- Есек пен менің арамдағы айырмашылық 3 метр, - деп жауап берген екен. )))

Ілмектер: тәкаппар, Қожанасыр, есек


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)