Анекдот, әзілдер, қазақша анекдоттар

Екі көрші сөйлесіп отыр.
- Менің итім топастың топасы. Кеше кешке аяқ киімімді әкел деп бұйырсам тыңдамайды. Өзінше ас үйде борщ пісіріп жүр.

Ілмектер: ит, борщ

Түрмеде отырған адам абақтыдан қашып кетіпті.
Оны ұстап, түрме бастығына алып келеді.
Түрме бастығы:
- Түрмеден неге қаштың? – деп сұрайды.
- Үйленейін деп едім.
– М – м – м..., дейді түрме бастығы, - сенің бостандық туралы түсінігің қызық екен.

Ілмектер: түрме, абақты, үйлену, түсінік

- Білмеймін неге екенін, баламыздан көптен бері хабар болмай кетті.
- Демек ақшасы жеткілікті болғаны ғой.

Ілмектер: cтудент, ақша, хабар

Бір сөзуар лектор:
– Жаныңдағы жолдасыңды оят, - дейді бір тыңдаушыға.
Сонда ол:
– Ұйықтатқан өзіңсің, өзің-ақ оята ғой, - депті.

Ілмектер: лектор, тыңдаушы, лекция

Бір жігіт қызға сүйетіндігін білдіріпті.
- Мен сені Ләйлі мен Жібектен бетер сүйем.
- О, арам-ай. Менен де бұрын қыздарың болған екен ғой.

Ілмектер: жігіт, қыз, Ләйлі, Жібек

Көлік дәметкен әйел

Күйеуі әйелінен сұрап жатыр:
- Сүйіктім, туған күніңе не сыйлайын?
Әйелі:
- Маған үш секундта 100-ге дейін жететін нәрсе сыйлашы.
Күйеуі ойлана келіп, таразы сыйлапты.

Ілмектер: күйеу, әйел, сыйлық, Көлік, таразы

«Қойшының таяғынан, келіннің аяғынан» деген мақалды қалай түсінуге болады?
- Дұрыс қой, қойын ұрласаң, қойшы таяғымен ұрады. Таңертең шай қой десең келін аяғымен ұрады.

Ілмектер: қойшы, келін, шай, мақал

Кеше екі сағат бойына жарық сөніп қалды. Интернет өшіп, әбден әбігерлендік. Содан үйдегі адамдармен сөйлесіп, әңгімелесуге тура келді. Сөйтсем өздері жап-жақсы кісілер екен)))

Ілмектер: жарық, интернет, үйдегі адамдар, әңгіме

Екі жігіт кинотеатрда киноның бастағанын күтіп отыр екен. Бір кезде алдыңғы орынға бір тақырбас жігіт келіп отырыпты. Бірінші жігіт екіншісіне айтыпты:
- Давай 500 теңгеге бәстесейік, сен ана жігіттің басынан шерте алмайсың!
Екінші жігіт сәл ойланып:
- Жарайды келістік.
Екеуі солай бәстесіпті. Бір кезде әлгі жігіт тақырбастың басынан шертіп қалып:
- Ау Бәке қанша ай, қанша жыл өтті қайда жүрсің?
Тақырбас жігіт артына бұрылып:
- Кешіріңіз сіз қателесіп тұрсыз!
Біраз уақыт өткеннен кейін бірінші жігіт тағы да досына:
- Екінші рет тағы шерте аласың ба? Бұл жолы 1000 теңгеге бәстесейік,
- Жарайды бәстесейік, тағы шертіп көрейін.
Әлгі жігіт тақырбастың басынан тағы да шертіп тұрып:
- Ау Бәке неге мені ақымақ қылып отырсың, шашыңды алып тастағаныңмен қоймай мені танымайсың?
Тақырбас жігіт жынданып орнынан тұрып алдыңғы қатарға өтіп кетіпті, екі жігіт мазамды алмасын деп.
Бірер минуттан соң:
- Үшінші рет шерте аласың ба бұл жолы 2000 теңгеге бәстесейік?
- Жарайды келістік.
Әлгі жігіт тақырбасқа қарай жақындап барып тағы да басынан шертіп тұрып:
- Ой! Бәке, сен осында отыр екенсің ғой, ал мен болсам ана жақта жарты сағат бойы сен деп ойлап басқа жігіттің мазасын алып отырсам...

Ілмектер: Тақырбас, бәсте, кинотеатр

Жұмысқа келгесін, компьютерді іске қосқанмен, интернетке кіре алмадым. Амал жоқ, жұмыс істеуге тура келді.

Ілмектер: жұмыс, интернет, компьютер

Бір күні Қожанасыр түнде шөлдеп құдыққа барып су ішейін депті. Құдықтың түбіне қараса айдың бейнесі суға түсіп тұр екен. Ол ай құдыққа түсіп кеткен екен деп шелекті құдықтан қатты тартқаны соншалық тіпті өзі шалқасынан түсіпті. Аспанға қараса ай тұр екен. Сонда Қожанасыр қуанып "Айды аспанға бір шығардым ау" депті.

Ілмектер: Қожанасыр, ай, құдық

Такси тоқтатқан жігіт:
– Вокзалға дейін қанша аласыз?
– Екі мың теңге.
– Ал мына жүктеріме қанша төлеймін?
– Багаж тегін ғой бізде.
– Онда жүгімді ала кетіңіз! Мен артыңыздан трамваймен жетемін.

Ілмектер: такси, жігіт, вокзал, жүк

Кішкентай екі бала сөйлесіп тұр:
– Туған күнің қашан?
– 20 қарашада.
– Қай жылы?
– Жыл сайын ғой...

Ілмектер: бала, туған күн

Төбет күшігін шақырып алып:
- Мектепке сабаққа жақсы дайындаласыңдар ма? – деп сұрайды.
- Әрине, жақсы дайындаламыз.
- Оқуды үйрендің бе?
- Жоқ.
- Санауды ше?
- Жоқ.
- Түбің түскір–ау, мектепте не үйретеді?
- Біз шет тілін үйреніп жүрміз?
-Жақсы екен. Шет тілінде бірдеңе айта қойшы?
- Мияу –у!

Ілмектер: күшік, ит, оқу

Бір тойда асаба былай деген екен:
Құрметті той қонақтары, алдарыңызға ас қойдық, екі қолды бос қойдық. Алдарыңыздағы асты кезінде ата-бабаларымыз немісті қалай қырса солай жапыра жеп отырыңыздар!

Содан той бітеді. Бір кемпір қолында тырсыйған екі көк пакет шығып бара жатыр дейді. Асаба:
- Әже,мынауыңыз не?
Кемпір:
- Е, қарағым, бұлар пленге түскен немістер ғой-депті ))

Ілмектер: асаба, әже, той

Түн ортасында біреудің үйінде карта ойналып жатыр. Таң атқанша шыдамы таусылған соң үйдің әйелі:
- Біздің үйде карта ойнағанды қашан қоясыңдар? –депті. Сонда күйеуі:
- Әй, Қатираш, айқайлама, енді бұл біздің үй емес, - деген екен.

Ілмектер: құмар, карта, қарта, үй

Бір кісі дәрігерге барып:
- Дәрігер мырза, әйелімнің құлағы естімей қалған сияқты, не істеуге болады?- дейді.
- Үйге барғанда әйеліңіздің артында, біраз ұзағырақта тұрып, орташа дауыспен оған сұрақ қойыңыз. Егер сізді естімесе жақынырақ барып сол сұрағыңызды тағы қайталаңыз. Қандай қашықтықта еститінін анықтайық, соған қарай бір ем қарастырамыз.
Әлгі кісі үйіне қайтады. Асхананың есігінде тұрып орташа дауыспен:
- Жаным, кешкі асқа қандай тамақ жейміз?- дейді.
Әйелі жауап бермейді. Ол жақынырақ келіп тағы да сұрайды:
- Жаным-ау, кешкі асқа қандай тамақ жейміз?
Әйелі тағы да жауап бермейді. Ол жанына келіп тағы:
- Бүгін кешкіге қандай тамақ?
Әйелі:
- Үшінші рет айтып тұрмын ғой саған, котлет!.. ))

Ілмектер: әйел, котлет, дәрігер, күйеу, керең

Ерлі-зайыптылар демалысында палатка, керек жарақтарын алып табиғатқа шығады. Демалыстарының екінші күні кешкісін жақсылап тамақтанып ұйқыға батады. Бірнеше сағаттан кейін әйелі күйеуін оятады. Күйеуі ұйқысын бөлгеніне ренжігендей болып “Не болды, неге ояттың?” деп сұрайды. Әйелі үрейлі дауыспен:
- “Жоғарыға қарашы, не көріп тұрсың?” деп сұрайды.
Күйеуі аспанға бір қарап жауап береді:
- Осыған бола ояттың ба мені? Ал қарадым, миллиондаған жұлдыздарды көріп тұрмын.
- Жарайды бұлар саған нені көрсетіп тұр?
Әбден ұйқысы ашылған күйеуі кішкене ойланып тұрып былай жауап береді:
- Теологиялық жағынан қарағанда Құдайдың құдіретін және өз әлсіздігімді көріп тұрмын. Философиялық тұрғыдан қарағанда аспанның шексіздігін және оның алдында өзімнің түкке тұрғысыз екенімді көріп тұрмын. Астрономиялық жағынан галактикалардың, жұлдыздардың, планеталардың бар екенін көрдім. Ал жұлдыздардың орналасуына қарап арыстан шоқжұлдызына кіргенімізді және сағаттың түнгі 3 болғанын көріп тұрмын. Метеорологиялық тұрғыдан да ертең күннің ашық болатынын көріп тұрмын. Түннің ортасында неге сұрадың бұларды? Жарайды, ал енді сен айтшы, бұл саған нені көрсетіп тұр?
- Маған палаткамызды ұрлап кеткенін көрсетіп тұр...

Ілмектер: Ерлі-зайыптылар, палатка, демалыс, күйеу, әйел

Қожанасырдың қолында өте әдемі жүзікті көрген саудагер досы Қожанасырға былай депті:
- Қожеке екеуміз бұрыннан доспыз. Жақында қажылыққа барамын, сізді қатты сағынатын боламын. Сондықтан жүзігіңізді маған сыйға берсеңіз, сізді сағынған кезімде жүзікке қарап сізді көргендей болар едім.
- Мен де сізді сағынатынға ұқсаймын. Ең дұрысы жүзік өзімде қалсын. Жүзікке қараған кезімде, досым сұрағанда бермеп едім деп сізді еске алып

Ілмектер: Қожанасыр, жүзік, дос

Медициналық тексеру кезінде жас жігіт әскерге жарамсыз болу мақсатымен көз дәрігеріне кіреді. Дәрігер тақтайшадағы әріптерді көрсетіп сұрайды:
- Мынау қандай әріп?
- Қай әріп?
- Мына тақтайшадағы әріптерді айтып тұрмын, көрмей тұрсың ба?
- Қандай тақтайша?
- Міне мына қабырғадағы ілулі тақтайша.
- Ол жерде қабырға бар ма не?
Ақыры әскерге жарамсыз болып шығады. Сол күні кешке әлгі жігіт кинотеатрға барады. Кино бітіп жарықтардың қосылуымен жанына қараса, күндіз өзінің әлгі қабылдауында болған дәрігерді көріп қалмай ма?! Дәрігер де оны танып қояды. Дәрігер енді сөйлей бастағанда, жігіт бірінші болып дәрігерден сұрайды:
- Кешіресіз ағай, қателесіп мінбеген сияқты едім ғой, бұл Айнабұлаққа баратын автобус емес па?

Ілмектер: тексеру, жігіт, дәрігер, Әскер, Шәріп


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)