Өлең, жыр, ақындар

Анекдот, әзілдер, қазақша анекдоттар

Егер түнде, шынымен, тамақ ішуге болмайтын болса, онда тоңазытқышты ашқанда, неге жарығы жанады?!

Ілмектер: тоңазытқыш, тамақ

- Кезінде әке-шешемді бекер тыңдамаппын. Қазір соған өкініп жүрмін.
- Әке-шешең не деп еді?
- Қайдан білейін? Айтып тұрмын ғой, тыңдамаппын

Ілмектер: Әке-шеше, тыңдау, өкіну

- Үйленер алдын тақыр кедей екеніңді неге айтпадың, албасты???
- Неге айтпадым? Айттым ғой. «Барым да, бағым да - сенсің!» дегенімді романтика деп ойлап қалдың ба?

Ілмектер: романтика, кедей, үйлену

Әжесі бес жасар немересіне:
– Құлыным, қарашы, «бип-бип» келе жатыр.
– Әже, қойшы, қайдағыны айтпай. Бұл BMW 325 қой!

Ілмектер: Әже, немере, bmw

Бір тәкаппар адам жамағаттың арасында аяғын созып, керіліп отырған еді. Мұны көрген Қожанасыр да оған қарай аяғын созып алады. Бұған тәкаппар адам ашуланып, айғайлай бастайды:
- Өй, сен маған құрметсіздік жасадың ғой, сен және есектің арасында қандай айырмашылық бар өзі?- дейді.
Сонда Қожанасыр дереу өзімен әлгі адамның арасындағы қашықтықты өлшеп:
- Есек пен менің арамдағы айырмашылық 3 метр, - деп жауап берген екен. )))

Ілмектер: тәкаппар, Қожанасыр, есек

Оқушы сабақ айтып болған соң:
- Мен бұл бағаға лайық емеспін, - дейді.
Ұстаз:
- Ренжімеңіз, бұдан төмен баға жоқ.

Ілмектер: оқушы, сабақ, баға

Жұмыспен қамту орталғына жұмыс іздеп келген адамнан орталықтың қызметкері:
- Бұрын не жұмыс істейтін едіңіз?- деп сұрайды.
- Алматыда қолтырауын аулайтынмын.
- О не дегеніңіз, Алматыда қолтырауын қайдан болсын?
- Мен де сол себепті жұмыссыз жүрмін ғой,-деген екен.

Ілмектер: Алматы, крокодил, қолтырауын, жұмыс

Асқазанының қатты аурып тұрғанына шағымданып келген адамнан дәрігер сұрайды:
- Кеше түскі және кешкі аста не жедіңіз?
- Алдыма не қойылған болса соның бәрін жедім.
Дәрігер ойланып тұрып, көздің дәрілерін жазып береді. Науқас ашуланып:
- Дәрігер мырза мынауыңыз не, асқазанмен көздің не қатысы бар?
- Қатысы бар әрине, көзіңіз жақсы көргенде алдыңнан шыққан барлық нәрсені апыл-ғұпыл жей беріп, асқазаныңды бұзбас едің?- деген екен.

Ілмектер: асқазан, дәрігер

Қожанасыр жолда келе жатып жаңғақ ағашының астына көлеңкелеп отырады. Ағаштың маңында асқабақ бақшасы бар еді. Қожа: «Мына табиғаттың қызығын-ай асқабақтың сабағы кіп-кішкентай бірақ жемісі менің қапшығымдай үп-үлкен. Ал мына діңгегі қалың еңгезердей ағаштың жемісі болса есектің көзінен де кіп-кішкентай» деп іштей ойлайды. Ол осылай ойлап отырғанында басына тарс етіп бір жаңғақ түседі. Шекесі қызарып қалған қожа жаңғаққа бір, асқабаққа бір қарап: «Тәубә, сөзімді кері алдым. Астында отырған мына ағаш асқабақ ағашы болғанда қайтер едім» деген екен.

Ілмектер: Қожанасыр, ағаш, асқабақ, жаңғақ

Бірге тұратын төрт студент математикадан болатын емтиханға ұйықтап қалады. Профессорға барып көліктерінің дөңгелегі жарылып қалғандығынан емтиханға кешіккендерін айтып, төртеуі үшін қайта емтихан алуын өтінеді. Профессор келіседі. Ертеңіне төртеуін аудиторияның төрт бұрышына отырғызады. Бірінші мен екінші сұраққа 15 балдан қоятынын, ал үшінші сұраққа дұрыс жауап берсе 70 бал қоятынын айтады. Емтихандағы ең қызық және ең қиын үшінші сұрақ болатын: «Көліктің қай дөңгелегі жарылды?..»

Ілмектер: дөңгелек, Профессор, студент, емтихан, сұрақ, математика

Бірде қалада оқитын студент ауылдағы үйіне былай деп хат жазып жібереді:

"Әке, маған дәптер-мәптер, бал-пал, киім-кешек алатын жүз мың теңге салып жіберіңізші".
Сонда әкесі жауап ретінде:
"Балам, дәптер ал, – мәптерді қайтесің, бал ал, – палды қайтесің, киім ал, – кешекті қайтесің, - деп елу мың теңге салып жіберген екен.

Ілмектер: студент

Жаңа автокөлік сатып алған бір мақтаншақ студент көшеде әрі-бірі ызғытып жүріп, жол жиегіндегі бағананы сүзіп қалып, ес-түсінен айырылып, ауруханаға апарылыпты. Онда екі апта емделіп, үйіне қайта оралады. Көңілін сұрап келген топтастары:
– Иә, қалайсың? Дәрігерлер не деді?
Ол:
– Дәрігерлер: "Миың жоқ екен, әйтпесе, қатты шайқалатын еді" деп айтты, - деген екен.

Ілмектер: автокөліктер, студент

Студенттер асханасы:
– Апай, бір порция манты беріңізші.
– О, жаңалық қой! Шәкіртақы алдың ба?
– Жоқ! Және бес қасық беріңіз!

Ілмектер: студенттер, асхана

Емтихан.Үш талапкер тарих пәнінен емтихан тапсырып отыр. Біріншісі өгіз беріп қойған, екіншісі қой берген, үшіншісінің ештемесі жоқ.
Біріншісіне:
- Алғашқы атом бомбасы кай елде жарылды?
-Жапонияда
-Бес!
Екіншісіне:
-Алгашкы атом бомбасы қай елде жарылды?
-Жапонияда .
-Қай жылы?
-1945 жылы
-Бес!
Үшіншісіне:
-...Қай қалада?
-Хиросима.
-Өлгені қанша?
-Екі жүз тоқсан төрт мың.
-Өлгендердің атын атап шық...

Ілмектер: Жапония, Атом, бомба, талапкер, тарих, Хиросима

Студент экзаменге келіпті. Мұғалімнің столына бір коробка конфет қойыпты.Мұғалім:
-Жақсы үш
Студент бір коробка торт шығарғанда. Мұғалім:
-Жақсы төрт
Содан кейін студент қымбат бір қалам шығарғанда:
-жақсы бес, зачеткаңызды беріңіз -депті де, сол ручка мен бағасын қойып беріпті. Студент стөлге қойған барлық затты қайтып жинап алып:
-Жақсы, енді барып физикамды қойдырып, алайын - деп кетіп қалыпты.

Ілмектер: студент, экзамен, Мұғалім, баға

Мемлекеттік комиссия мүшесі диплом тапсырып тұрып:
-Пықып Асабасұлы, сіз қызметке сонау түкпірдегі "Шағыл" атты кұмды ауылға баратын болдыңыз,-десе студент:
-Мүмкін емес, деканымыз ылғи маған "Мына оқуыңмен алысқа бармайсың" деуші еді.

Ілмектер: комиссия, студент, қызмет, оқу

Банк тоналып жатыр. Тонаушы баса көктеп кіреді де, адамдарды кепілдікке алып мылтығын кезенеді. Бір қызға көздеп : “Атың кім?” -десе, – “Қарлыгаш”, – депті. – Жарайд, жүре берші. менің шешемнің аты Қарлығаш болатын. Сөйтеді де, қасында отырған жігітке мылтығын тақап: “Сен кімсің, ал?” – дейді. Байғұс жігіт қорқып кетіп: “Иван, бірақ достарым Қарлығаш деп атайды” -депті.

Ілмектер: банк, Қарлыгаш, ат, есім

- Сəлем
- Кімсің?
- Танысайықшы
- Танымайтын адаммен таныспаймын
- Танитын адамдарыңмен танысып жүре бер онда

Ілмектер: танысу

Мектепке келген жаңа тарих мұғалімі оқушылардың білім деңгейін тексеру мақсатымен:
- Отырарды кімдер алды?
- Апай, біз емес алған!
Оқушылардың төмен деңгейіне ашынған мұғалім директорға барып:
- Оқушылар тіпті Отырарды кімдер алғанын білмейді!
- Ой, қорықпаңыз кім алса да, жылдың соңына дейін қайтармаса, оқудан шығарып жібереміз)))

Ілмектер: Мектеп, Отырар, оқушы, директор, Мұғалім, оқу, білім

— Алло бұл құтқару тобы ма?
— Иә, тыңдап тұрмын.
— Мына жерден шығуға көмектесіңізші, өтініш!
— Сіз қайдасыз?
— Фейсбук желісінде)

Ілмектер: құтқару, Фейсбук, ӘЖ