сайыс
ozgetil.kz

Анекдот, әзілдер, қазақша анекдоттар

Бір еврей толық медициналық тексеруден өтіп дәрігерден нәтижесін білуге келіпті
— Тексеру нәтижесі сіздің жасыңызда жаман емес.
— Дәрігер, қалай ойлайсыз, мен сексен жасқа дейін өмір сүре аламын ба?
— Сіз ішімдік ішесіз бе? Шылым тартасыз ба?
— Жоқ, мен ешқашан ішкен де шеккен де емеспін.
— Сіз майлы ет-тағамдарды көп жейсіз бе?
— Жоқ.
— Мүмкін сіз күннің астында уақыт көп өткізетін шығарсыз, мысалы гольф, футбол ойнап?
— Жоқ, мен спорттық ойындарды көп ойнамаймын.
— Онда сіз құмар ойындар ойнайтын шығарсыз. Карта, казино?
— О не дегеніңіз, жоқ әрине!
— Онда сізге сексенге дейін өмір сүріп не керек?

Ілмектер: еврей анекдоттары, дәрігер

Супермаркетке кіріп ештеңе алмай шыққанымда, сатушы түгілі өзім күмәнданам өзімнен:
- Бірдеңе іліп кетпедім бе? - деп.

Ілмектер: сатушы, ұры

- Шашыңызды қалай алайын?
- Үндемей!!!

Ілмектер: әзіл, анекдот, шаштараз

- Отағасы, бүгiн екеумiздiң шаңырақ көтергенiмiзге бақандай 15 жыл болыпты. Қорадағы семiз қошқарды соймадық па?
- Есің дұрыс па? Малдың не жазығы бар? Екеумiздi таныстырған Қуандықты сояйық!

Ілмектер: жанұя

Бір сұлу қыз көшеде кетіп бара жатып, аяғы сүрініп құлап қалыпты. Сол маңда тұрған 3-4 жігіт мұны көріп қарқылдап күліп жіберіпті. Үстін сүртіп орнынан тұрған қыз жігіттерге қарап:
- Бұл маңда ер адамның болмағаны қандай жақсы болды, әйтпесе ұят болар еді - депті

Ілмектер: Әдеп

nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)