Өлең, жыр, ақындар

Мақал-мәтелдер

Бұйырған ас тіс сындырып кіреді.

Ілмектер: бұйрық, ас, тіс, сыну

Бұйрықсыз шыбын шақпас.

Ілмектер: бұйрық, шыбын

Бұйдалаған тайлақтай,
Жетелеген мойнақтай.

Ілмектер: бұйда, тайлақ, мойнақ

Бұ сараңнан түк дәметпе, көнбейді,
Сортаң жерге еккен бидай өнбейді.

Ілмектер: сараң, сараңдық, бидай, сортаң

Бұ қу тамақ талай елге апат боп,
Жер қойнына кірген олар опат боп.

Ілмектер: апат, жер, опат

Бұ заманның ісін есті кісі бітірмейді,
Епті кісі бітіреді.

Ілмектер: заман, іс, ептілік, есті, епті

Бұ дүниенің қайғысы көп.

Ілмектер: дүние, қайғы

Бұ дүниеге еш уақытта да сеніп болмайды.

Ілмектер: дүние, уақыт, сенім

Бұ дүние байлығы — шашылған жем.

Ілмектер: дүние, байлық, жем

Бұ бақытқа сенбе,
Келер, кетер демде.

Ілмектер: бақыт, өткінші, сенім

Буып ашу, кім қаһарын жаяды,
Содан бектік қасиет те таяды.

Ілмектер: ашу, қаһар, бек, қасиет

Бура өле ме, бота өле ме?
Кәрі өле ме, жас өле ме?
Айы жеткен айда өлер,
Күні жеткен күнде өлер.

Ілмектер: өлім, бура, бота, кәрі, жас, ай, күн, ажал

Бөтендікі — сенікі емес.

Ілмектер: бөтен

Бөтен кісінің малы мал болмайды.

Ілмектер: мал, бөтен, кісі

Бөтен елде би болғанша,
Өз еліңде шопан бол.

Ілмектер: би, шопан, отан

Бөтен елге патша болғанша,
Өз еліңде шопан бол.

Ілмектер: ел, патша, отан, шопан

Бөтен ауылдың аты озғанша,
Өз ауылыңның тайы озсын.

Ілмектер: ауыл, ат, тай

Бөрішіктің баласы бөрі алмаса да, түлкі алады.

Ілмектер: түлкі, жануарлар туралы мақал

Бөрінің табысы бөлісте,
Құзғынның табысы ағаш басында.

Ілмектер: бөрі, табыс, құзғын, ағаш, жануарлар туралы мақалдар

Бөрінің қартайса да,
Бір қойлық әлі бар.

Ілмектер: бөрі, қарттық, қой, әл, күш, төрт түлік мал, жануарлар туралы мақал