Өлең, жыр, ақындар

Мақал-мәтелдер

Бөріні шопан қылсаң,
«Қойды мен өлтіріп едім, жеуін түлкі жеді» дер.

Ілмектер: бөрі, қасқыр, шопан, жануарлар туралы мақалдар, қой, төрт түлік, түлкі

Бөрілікті қойып, қойшылыққа баста.

Ілмектер: бөрі, қойшы

Бөрік орнына бас алар,
Ақша орнына жан алар.

Ілмектер: бқрік, бас, ақша, жан

Бөріден бөлтірік қанша асырасаң да, бір күні қанға бояйды.

Ілмектер: бөрі, бөлтірік, қасқыр, қан, күн, жануарлар туралы мақал

Бөрі қоңсысын жемейді.

Ілмектер: бөрі, қасқыр, қоңсы, жануар, жануарлар туралы мақалдар

Бөрі баласын бөркіңе салсаң, ит болмас.

Ілмектер: бөрі, бала, қасқыр, ит, жануралар, жануарлар туралы мақалдар, жануарлар туралы мақал

Бөдененің үйі көп,
Қайда барса, бытпылдық.

Ілмектер: бөдене, үй

Бос сөзбен қараңғы адам семіреді,
Сол әдет қара басты кеміреді.

Ілмектер: бос сөз, сөз, семіру, әдет, қара бас

Бос кеуделер көрсе дәулет шіркінді,
Тістей қатар бос жібермей бір күнді.

Ілмектер: кеуде, дәулет, күн

Бос жіберме өміріңді, шалып қал,
Кетер күннен керегіңді алып қал.

Ілмектер: өмір, күн

Бос жүріп, босқа уақыт жіберме.

Ілмектер: бос жүру, уақыт

Бос жүрме,
Босқа жүгірме.

Ілмектер: бос, жүгіру

Борай-борай қар жауса,
Бұ боран атты өлтірер.
Аз кісіні көп кісі
Жаман да болса, біреуіне келтірер.

Ілмектер: қар, боран, жаман, аз, көп

Болымсызға бақ қонса,
Сол күні жоғалтады.

Ілмектер: бақ

Болса, данам, көңіл тура, тіл майда,
Ризығың таусылмайды ондайда.

Ілмектер: дана, көңіл, тіл, ризық

Болса — оразым,
Болмаса — қоразым.

Ілмектер: қораз

Болма босаң, сақта сақтық іргесін,
Төтен бәле иектеп ап жүрмесін.

Ілмектер: сақтық

Болжалсыз таң атпайды,
Ажалсыз жан шықпайды.
Құдайдың бұйрығынан басқа
Құмырысқаның аяғы сынбайды.

Ілмектер: таң, ажал, жан, бұйрық, құмырсқа, аяқ

Болат пышақ қап түбінде жатпайды.

Ілмектер: болат, пышақ, қап

Болат кездік қап түбінде жатпайды,
Ақылы жоқ жаманды егеулеп тұрсаң, батпайды.

Ілмектер: болат, ақыл, ақымақ, қап