Өлең, жыр, ақындар

Мақал-мәтелдер

Боларында болып өт,
Боз жорға аттай желіп өт.
Болмасыңды білген соң,
Болған ердің қосын жек.

Ілмектер: ер, болу, жорға

Болар-болмасқа иланба.

Ілмектер: сену

Болар істің біткені жақсы.

Ілмектер: іс, жақсы

Болар бала боғынан.

Ілмектер: бала

Болар адам он бесінде бас болар,
Болмас адам қырыққа кірсе де, жас болар.

Ілмектер: адам, жастық, қырық, он бес, бас

Бол ұстамды, қатты келсе қаһарың,
Сабыр етсең, келер шаттық баһарың.

Ілмектер: ұстамдылық, қатты, қаһар, сабыр, шаттық, баһар

Боқ жаман,
Бәрінен де жоқ жаман.

Ілмектер: боқ, жаман, жоқтық

Боқ жағылған нетеді, жуса кетеді,
Ат таңылған нетеді, сүйегімен кетеді.

Ілмектер: сүйек, ат, боқ, жуу

Бойың қисық болса да,
Ақылың түзу болсын.

Ілмектер: бой, қисық, ақыл, түзу

Бойра тоқыған зергер болмас.

Ілмектер: зергер, тоқу

Бойдақтың ақылы — екі көз.

Ілмектер: бойдақ, ақыл, екі, көз

Бойдақ жігітке елу құлаш бөзден де ыстан шықпайды.

Ілмектер: бойдақ, жігіт, бөз

Бозбаланың бастаған елі оңбайды,
Құралай бастаған киік оңбайды.

Ілмектер: бозбала, ел, құралай, киік, оңбау

Боғынан бұзылды ғой.

Ілмектер: бұзылу, боқ

Биіктеп кетсең, құлау бар,
Қуанып кетсең, жылау бар,
У ішсең, тәтті ұнау бар.

Ілмектер: құлау, биік, қуану, жылау, у, тәтті

Билік, байлық, даналық бір өзіңе байланысты.

Ілмектер: Билік, байлық, даналық

Билеуші көркі — саясат.

Ілмектер: билік, саясат

Бие мінсең, құлын жоқ,
Саумал ішсең, қымыз жоқ.

Ілмектер: бие, құлын, саумал, қымыз, төрт түлік мал

Бие бауға, түйе тауға.

Ілмектер: төрт түлік мал, төрт түлік, мал, бие, тау, түйе, бау

Бидің айтқан сөзінің бәрі кеңес,
Кісі ақылы кісіге ақыл емес.
Түнде ұры халықтың малын жесе,
Ертең жиын-тойға тіпті кірмес.

Ілмектер: кеңес, сөз, ақыл, ұры, халық, той, ертең, би