Өлең, жыр, ақындар

Мақал-мәтелдер

Басыбайлы болса, соңы сайлы болар.

Ілмектер: басы, соңы

Басы қараның бәрі игі,
Барып келсе, тағы игі.

Ілмектер: игі

Басы бос заттың иесі болмас.

Ілмектер: зат, ие

Бастықтарға қарсылық етуші
Құдайдың бұйрығына қарсылық етеді.

Ілмектер: бастық, қарсылық, бұйрық, Құдай

Бастығы бар әскердің астығы бар.

Ілмектер: бастық, әскер, астық

Басты бұзған балта,
Істі бұзған маңқа.

Ілмектер: бас, іс, бұзу, маңқа

Басты балта бұзар,
Істі сайтан бұзар.

Ілмектер: бас, сайтан, іс, бұзу

Басталған істің аяғы да болады.

Ілмектер: іс, бас, аяқ

Басқыштың төменінен бір-бірлеп басып қана жоғары шығуға болады.

Ілмектер: төмен, жоғары, шығу

Басқаның тісі ащы жеп қамалады,
Қазының тісі тәтті жеп қамалады.

Ілмектер: тіс, тәтті, ащы, қазы

Басқа түскенді көз көрер (жан тартар).

Ілмектер: көз, жан, қиындық

Басқа түскен қиындық қатып қалмайды.

Ілмектер: қиындық

Басқа пәле қайдан-ды?
Басқа пәле тілден-ді.

Ілмектер: бас, пәле

Басқа келген пәледен
Бастан құлақ садаға.

Ілмектер: бас, пәле, садаға, құлақ

Басқа бәле қайдан? Тілден.

Ілмектер: бас, бәле, тіл

Бес бармақтың біреуін тістесең де,
Бәрі бірдей ауырады.

Ілмектер: бес, бармақ, ауру, тістеу

Бас түйенің жетегін әлдеқалай ұстай қалған тышқан
Бүкіл керуенді бастайды.

Ілмектер: түйе, тышқан, керуен

Бас сау болса, басқа бөрік табылар.

Ілмектер: бас, денсаулық, бөрік

Бас пен дене аман болса, тілек кетпейді,
Ер аман болса, тілегіне жетеді.

Ілмектер: бас, дене, денсаулық, тілек, ер, амандық

Бас кетпесін, сөзіңді бақ күзетіп,
Тіс сынбасын, тіліңді бақ түзетіп.

Ілмектер: бас, тіс, денсаулық, сөз, тіл