Мақал-мәтелдер

Су - атасы, жер - анасы.

Ілмектер: су, жер

Сулы жер - нұрлы жер.

Ілмектер: су, жер

Судың кепкені - тіршіліктің кеткені.

Ілмектер: су, тіршілік

Тіл – адам ойының айнасы.

Ілмектер: тіл, ой, айна

Бұл заманның ісін есті бітірмейді, епті бітіреді.

Ілмектер: заман, іс

Уақыт - көшкен керуен.

Ілмектер: уақыт

Заманың түлкі болса - тазы боп шал.

Ілмектер: заман, түлкі

Өткір тіл – дарын,
Ұзын тіл – жауың.

Ілмектер: тіл, тіл туралы, өткір тіл, ұзын тіл

Кінәлінің тілі қысқа.

Ілмектер: кінәлі, тіл

Пенденің қарны тойса,
Тілінен ерік кетеді.

Ілмектер: тіл, ерік, пенде, тіл туралы

Тіл – көңілдің тілмәші

Ілмектер: тіл, көңіл, тілмәш

Тіл – тіліп түсер наркескен,
Сөз – өткір жебе тау тескен.

Ілмектер: тіл, сөз, тіл туралы

Тіл тәтті, бауыр қатты.

Ілмектер: тіл, бауыр

Қуатты сөз – дуалы, құс сияқты қанатты боп туады.

Ілмектер: мадагаскар елінің мақалы, сөз

Сөздің таяғына ойдың шалы сүрінер.

Ілмектер: моңғол халқының мақалы, ой, сөз

Тіс те кейде тілді қыршиды.

Ілмектер: индонезия елінің мақалы, тіс, тіл

Тәтті сөз қатты таяқты қақ бөлер.

Ілмектер: араб мақалы, сөз

Тыңдамаған бір сөзді
Түсіне алмас мың сөзді.

Ілмектер: араб мақалы, сөз

Тіл үйірер сөз болса,
Тыңдаушы құлақ кез болар.

Ілмектер: араб мақалы, тіл, тыңдаушы

Қымбат сөз қысқа қайырылар.

Ілмектер: араб мақалы, сөз

nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)