Өлең, жыр, ақындар

Мақал-мәтелдер

Жақсының жауы көп.

Ілмектер: жақсы, жау

Ашыққаннан құныққан жаман.

Ілмектер: жаман

Өнер алды қызыл тіл

Ілмектер: Тіл

Әкесін сыйламаған кісіні,
Баласы сыйламайды.

Інісі бардың тынысы бар
Ағасы бардың жағасы бар.

Өз үйім - өлең төсегім.

Жалғыз ағаш үй болмас,
Жалғыз жігіт би болмас.

Үш ағайынды жігіттің отарда малы бар,
Екі ағайынды жігіттің мойында талы бар,
Жалғыз жігіттің шығар шықпас жаны бар.
Балапан ұяда не көрсе,
Ұшқанда соны іледі.

Балаға байқап сөйлесең,
Ақылға көнер.
Байқамай шайқап сөйлесең,
Көрсетер бір «өнер».

Жасы кіші ініні
Ақылы артса аға тұт.
Жасы үлкен ағаны
Жақсы сыйлап жаға тұт.

Атасыз үй – батасыз,
Анасыз үй – панасыз.

Жақсы ата – орман,
Жақсы бала қорған.

Өсер жастың алдын кеспе,
Өсер ағаштың басын кеспе.

Өзінің шарқын білген,
Өзгенің нарқын біледі.
Ананың ізін қыз басар,
Атаның ізін ұл басар.

Ілмектер: “Отбасы”туралы мақал-мәтелдер

Әкесін сыйламаған кісіні,
Баласы сыйламайды.

Інісі бардың тынысы бар
Ағасы бардың жағасы бар.

Өз үйім - өлең төсегім.

Жалғыз ағаш үй болмас,
Жалғыз жігіт би болмас.

Үш ағайынды жігіттің отарда малы бар,
Екі ағайынды жігіттің мойында талы бар,
Жалғыз жігіттің шығар шықпас жаны бар.
Балапан ұяда не көрсе,
Ұшқанда соны іледі.

Балаға байқап сөйлесең,
Ақылға көнер.
Байқамай шайқап сөйлесең,
Көрсетер бір «өнер».

Жасы кіші ініні
Ақылы артса аға тұт.
Жасы үлкен ағаны
Жақсы сыйлап жаға тұт.

Атасыз үй – батасыз,
Анасыз үй – панасыз.

Жақсы ата – орман,
Жақсы бала қорған.

Өсер жастың алдын кеспе,
Өсер ағаштың басын кеспе.

Өзінің шарқын білген,
Өзгенің нарқын біледі.
Ананың ізін қыз басар,
Атаның ізін ұл басар.

Ілмектер: “Отбасы”туралы мақал-мәтелдер

Жүрек гүл емес, әркімге сыйлайтын.
Сыйла оны тек біреуге, мәңгі сені қимайтын.

Ілмектер: Ақбөпе

Сабырлыларға тегiн келетiн нәрселер, шыдамсыздарға қымбатқа түседi.

Ілмектер: сабыр, шыдам, шыдамсыз, тегін, қымбат, Француз мақалы

Қарны ашқан қараша үйге шабады.

Ілмектер: аш, үй

Өз-өзіңе әрқашан бекен бол!

Ілмектер: сенім

Ойлы адамға қызық жоқ бұл жалғанда

Ілмектер: ойлы адам, жалған, қызық, жоқ, өмір, ғұмыр, еңбек, ынсап, әділет

Жүзігі алтын болғанмен,жүзі жарқын емес .

Ілмектер: адамшылық, жарқын жан, алтын адам, мейірімді, ақылды, Таза

Ит маржанды не қылсын.
(Абай)

Ілмектер: Ақыл кеңес, Абай Құнанбаев

Мәселе туындамай, шешім түйінделмейді.

Ілмектер: Мәселе, шешім

Жаманға жақсылық қылсаң атыңды ерттеп қой.

Ілмектер: жаман, жақсы, ат

Ат қиналмай жол таппас.

Ілмектер: жол, қиналу

Батылдық — бақыттың жартысы.

Ілмектер: Батылдық, бақыт, башқұрт мақалы

Ауа-райы нашар болмайды, нашар киiм болады.

Ілмектер: Ауа-райы, нашар, киім, ағылшын мақалы

Бiреудiң жоғын бiреу iздесе, ысқырып жүрiп iздейдi.

Ілмектер: іздеу, ысқыру, жоғалту

Шыдамдылық — өмiр бойына берiлетiн қазына.

Ілмектер: Жапон мақалы, Шыдамдылық, өмір, қазына

Өзiн-өзi билей алмайтын адамды билiк етуге пайдалануға болмайды.

Ілмектер: адам, билік, ағылшын мәтелі