Өлең, жыр, ақындар

Мақал-мәтелдер

Біліксіз кісі ауру іспетті,
Ауруды емдемесе, тез өледі.

Ілмектер: біліктілік, білім, ауру, ем, өлім

Біліксіз досыңнан,
Білекті дұшпан артық.

Ілмектер: біліктілік, білім, дос, дұшпан, білек

Біліксіз биікке шықпас.

Ілмектер: биік, білім, біліктілік

Біліксіз биік болса дәулетімен,
Білікті биігірек сәулетімен.

Ілмектер: білім, біліктілік, дәулет, сәулет

Біліксіз бас майсыз жілік сияқты көдек келеді.

Ілмектер: білім, біліктілік, май, жілік, көдек

Біліксіз адам майы жоқ жілік сияқты бос қуыс болады.

Ілмектер: білім, білік, адам, май, жілік, қуыс

«Білік» деген бір қазық,
Барлығы соған оралар.

Ілмектер: білік, қазық

Білік бағасын білікті біледі.

Ілмектер: білік, баға

Білсең, халықтан озасың,
Білмеген жамандар, мойның неге созасың.

Ілмектер: халық, озу, білмеу, мойын, созу, білім

Білсе білім, күнде бақыт кісіге,
Үлкен атақ содан келер кішіге.

Ілмектер: білім, бақыт, атақ, кіші, үлкен

Білімсізден де бір іс өтер,
Білімдіден де бір іс өтер.

Ілмектер: білім, іс

Білмегеннен түбінде бас ауырар.

Ілмектер: бас, ауру, білмеу

Білмегенді «білем» деген — күпірлік,
Тілді білген мәнін де ұғар, шүкірлік.

Ілмектер: тіл, бәлмеу, мән, шүкірлік

Білмегендер алтынды бақырдан айыра алмайды.

Ілмектер: алтын, бақыр, айыру, білу, білмеу

Білмегенге үйрет,
Жерге соқаны салып сүйрет.

Ілмектер: жер, соқа, білу, үйрету

Білмегенге алтыннан да пайда жоқ.

Ілмектер: алтын, пайда, білу, білмеу

Білмеген у ішеді.

Ілмектер: у, білмеу

Білмеген сөз сыңайын не табады:
Болса да көк аспанда, жер қабады.

Ілмектер: сөз, аспан, жер, білу

Білмеген мың пәлеге тұтылар,
Білген мың пәледен құтылар.

Ілмектер: білу, білмеу, пәле, құтылу, тұтылу

Білмеген мың бәледен құтылар.

Ілмектер: мың, бәле, білу, білмеу