Эссе және өлең-жыр байқауы

Мақал-мәтелдер

Бай кісіде ақша көп болғанмен,
Ізгі ниет жоқ болады.

Ілмектер: бай, ақша, ниет, ізгі

Бай кісі балпаң келер,
Жарлы кісі жалтаң келер.

Ілмектер: бай, жарлы, кедей

Бай бір борандық,
Батыр бір оқтық.

Ілмектер: бай, батыр

Бай болсаң, паршаменен бетіңді сүрт,
Жарлы болсаң, жаныңменен етіңді сүрт.

Ілмектер: бай, кедей, жарлы, парша, бет, ет, жан

Бай болған кісі бақырып бола ма.

Ілмектер: бай

Бай болған кісі мырза бола бермес.

Ілмектер: бай, мырза

Бай барын бермес,
Жоқ қарап тұрмас.

Ілмектер: бай, сараңдық, кедей

Бай аз, кедей көп.

Ілмектер: бай, кедей, аз, көп

Базардың иті ауылдың итін қаламайды.

Ілмектер: базар, ит, ауыл

Базарда пұлы бардың көңілі тоқ,
Қатындардың, қарасаң, опасы жоқ.

Ілмектер: базар, пұл, көңіл, опа, қатын

Базарға барып бағың сына.

Ілмектер: базар, бақ

Бағынбаған патшаның басы кетеді.

Ілмектер: бағыну, бас, патша

Бағы ашылған адам бәріне де ұнайды.

Ілмектер: бақ, адам, ұнату

Бағбан жүзімнің дәмін білмейді.

Ілмектер: бағбан, жүзім, дәм

Бағбан еңбектің қиыншылығын көрмесе,
Жұрт жемістің дәмін татпас еді.

Ілмектер: бағбан, еңбек, қиыншылық, жұрт, жеміс, дәм

Әшейінде ауыз жаппас,
Той дегеде бірін таппас.

Ілмектер: той, ауыз

Әулиенің кереметі тартар,
Байдың несібесі тартар.

Ілмектер: әулие, керемет, бай, несібе

Әуелі көздеп ал, сосын ат.

Ілмектер: көздеу, ату

Әуелі жапа көрмей, опа болмас.

Ілмектер: жапа, опа

Әуелі көріс, сонан соң біліс.

Ілмектер: көрісу, білу