Эссе және өлең-жыр байқауы

Ұлағатты сөздер

Елден ғалымдар, инженерлер, дәрігерлер, ақыл-ой иелері кетсе, сол елдің сәні – интеллигенция құриды. Ондай елде бизнесмендер билікке келеді, көшедегі кім көрінген саясаткер атанады. Ал әртістер мен спортшылар, базардағы алыпсатарлар депутат болады.

Ілмектер: саясат, ел, Қоғам, интеллигенция Харс Йенсен

Жаман кітап — рухани идеямызды бүлдіретін улы дәрі.

Ілмектер: жаман, кітап, рухани, идея, у, дәрі, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Артур Шопенгауэр

Ұятың мақұлдамаған нәрсенiң бәрiнен сақтан.

Ілмектер: ұят, нақыл, афоризм, Ұлағатты сөздер, сақтану Лев Толстой

Кейде күдіксіз сену өтіріктен де жаман.

Ілмектер: сенім, өтірік Фридрих Ницше

Қараша үй екен деп,
Көп ауылдан қашпаңыз.
Тамаша үй екен деп
Бай отауына қадам баспаңыз.

Ілмектер: бай, үй, отау, ауыл, қадам Байжігіт Тоқтарқожаұлы

Жүректің соғысы — физиология, ал жүректің не қуаныштан, не үрейден барып бас алатын лүпілі — эстетика, өнер, өмірге бергісіз қайран сөз.

Ілмектер: жүрек, қуаныш, эстетика, өнер, өмір, қайран, сөз Асқар Сүлейменов

Ақылды адамдардың жалғыздықты ұнататын себебі, олар ақымақтардың даңғаза тірлігінен қашады.

Ілмектер: ақыл, адам, жалғыздық, ұнату, даңғаза, тірлік, ақымақ Артур Шопенгауэр

Уақыт өтедi, бiрақ айтылған сөз қалады.

Ілмектер: уақыт, сөз Лев Толстой

Ақырын жүрсең сорың сені қуып жетеді, жылдам жүрсең сен сорыңды қуып жетесің.

Ілмектер: жайбасар, ақырын Мұқағали Мақатаев

Сұм өмір абақты ғой саналыға.

Ілмектер: өмір, сана, абақты Мағжан Жұмабаев

Өмірім — өзгенікі, өзімдікі — өлім ғана.

Ілмектер: өмір, өлім Әйтеке би

Ашумен басталған нәрсе ұятпен аяқталады.

Ілмектер: ашу, ұят Лев Толстой

Кімнің ісі жүріп тұрса — достары мың, қиналысқа түссе — айналасы шөл.

Ілмектер: дос, қиындық Сенека

Кiм көп бiлсе, сол көбiрек қайғырады. Ғылым бәйтерегi дегенiмiз өмiр шынары емес пе?

Ілмектер: қайғы, ғылым, өмір Джордж Байрон

Көз бен қол — көңiлдiң жалшысы.

Ілмектер: көз, қол, көңіл Мұзафар Әлімбаев

Жақсыға бiтсе дәулет бақ айналар,
Жаманға бiтсе дәулет әуейiленер.

Ілмектер: жақсы, жаман, дәулет, бақ Ақан Сері Қорамсаұлы‎

Ақыл-ой көп жерде сәттiлiк аз, сәттiлiк басым жерде ақыл-ой кем.

Ілмектер: ақыл, ой, сәттілік, аз, кем Аристотель

Мен көрдiм дүние деген иттiң көтiн,
Жеп жүр ғой бiреуiнiң бiреуi етiн.
Ойлы адамға қызық жоқ бұл жалғанда
Көбiнiң сырты - бүтiн, iшi - түтiн.

Ілмектер: дүние, ой, адам Абай Құнанбайұлы

Әкенің баласына ғылым, адамгершілік және өнер үйретуі парыз.

Ілмектер: әке, бала, ғылым, адамгершілік, өнер Мұхаммед Бағдади

Өмірдің қас жауы — қайғы мен зерігу.

Ілмектер: өмір, жау, қайғы, зерігу Артур Шопенгауэр