http://a-brands.kz/

Ұлағатты сөздер

Біреудің түйе жаятын кісісі жоқ,
Біреудің намаздан басқан ісі жоқ.

Ілмектер: намаз, іс, нақыл, афоризм Сырым Датұлы

Қаған ел құрар.

Ілмектер: ел, нақыл, афоризм Күлтегін

Ел шауып кісі өлтірген боп па батыр.

Ілмектер: батыр, нақыл, афоризм Міржақып Дулатұлы

Қолыңнан келгеніңше тырысып бақ,
Арасында аспаннан жұлдызды қақ.

Ілмектер: Тырысып көр, барынша салмақ сал, арасында қолың жетпегенге де ұмтыл Диас Мамадбек

Байғұс қазақ бас көтеріп, тұрар ма?
Көңілі түсіп, білім мойнын бұрар ма?
Күні туып оң жағынан, солдан - Ай,
Оқуменен жайнатып дүкен құрар ма?

Ілмектер: Қазақ Мағжан Жұмабаев

Өмірдің мақсаты — жүрегіңді ғаламмен жараса соғуға дағдылау, болмысыңды әлеммен үйлестіру.

Ілмектер: Өмір, жүрек, ғалам, үйлесім Джозеф Кэмпбелл

Тәкаппарлық көптеген жақсылықтарға тосқауыл болады.

Ілмектер: тәкаппарлық, тосқауыл, Жақсылық Әли Самарқанди

Кейде ақынның балалығына таңғаларсың, кейде ақынның даналығына таңғаларсың.

Ілмектер: ақыл, балалық шақ, нақыл, афоризм Ғабит Мүсірепов

Театр - күрделі интеллектуальдық гармониядан тұратын, үш жақтан бірдей қиыннан қиысқан сахналық өнер.

Ілмектер: театр, өнер, нақыл, афоризм Сағат Әшімбаев

Амандықта қадір жоқ - алдырған күні білерсің,
Денсаулықта қадір жоқ - ауырған күні білерсің.
Қолда бар жақсының қадірі жоқ - айырылған күні білерсің.

Ілмектер: денсаулық, қадір, нақыл, афоризм Би-шешендер

Жантебіреніс: Азаттық таңы атты! Тілекке құдай жеткізді! Күні кеше құл едік - енді бүгін теңелдік!

Ілмектер: азаттық, тәуелсіздік, нақыл, афоризм Әлихан Бөкейханов

Көпұлттылық - қоғамның кемшілігі емес, артықшылығы.

Ілмектер: қоғам, Көпұлттылық, нақыл, афоризм Нұрсұлтан Назарбаев

Тағдырға қарсы келе алмас,
Қарсы келу жарамас.

Ілмектер: тағдыр, қарсы келме, ешқашан Диас Мамадбек

Жанайқай: қазақтың оқыған азаматтары, қазаққа осындайда қызмет етпегенде қашан қызмет етіп пайдамызды тигіземіз?!

Ілмектер: қазақ, пайда, нақыл, афоризм Әлихан Бөкейханов

Біз әлемдік мәдени құндылықтармен үндес жаңа заманғы қазақтың озық мәдениетін қалыптастыруымыз керек.

Ілмектер: мәдениет, қазақ, нақыл, афоризм Нұрсұлтан Назарбаев

Отша жайпап, бөріше бүру.

Ілмектер: от, нақыл, афоризм Күлтегін

Алла жақын кеудеде оты барға.

Ілмектер: Алла, нақыл, афоризм Міржақып Дулатұлы

Табалдырықтан биік тау жоқ,
Жаман ағайыннан асқан жау жоқ.

Ілмектер: жаман, жау, нақыл, афоризм Сырым Датұлы

Ұлт өзінің мемлекетінсіз - ұлт болып өмір сүре алмақ емес.

Ілмектер: ұлт, мемлекет, нақыл, афоризм Нұрсұлтан Назарбаев

Өтірікті кешіруге болады, ақтауға болмайды.

Ілмектер: өтірік, кешірім, нақыл, афоризм Асқар Сүлейменов


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)