Өлең, жыр, ақындар

Ұлағатты сөздер

Өмір — ойға жан береді, ал өмірді оятатын — ой.

Ілмектер: өмір, жан, ой Жиль Делез

Данышпандық — садақ тарту өнеріне ұқсайды: ол — əрі жақ тартушы, əрі жебе атылған жамбы.

Ілмектер: Данышпандық, өнер, жебе Жиль Делез

Адамдар арасында екі-ақ қана қарым-қатынас түрі бар — бірлік немесе күрес

Ілмектер: Адамдар, қарым-қатынас, бірлік, күрес Narsha Bulgakbaev

Бұзылған адамның əлемі — басқасы жоқ əлем, яғни, мүмкіндігі жоқ əлем.

Ілмектер: адам, әлем Жиль Делез

Билік өмірді өз объектісіне айналдырған кезде — өмір биліктің қарсыласы болып шығады.

Ілмектер: билік, өмір Жиль Делез

Бір мезгілде əрі өзі шекара белгілеу, əрі өзі оны бұзып өту — тек тілге ғана бұйырған.

Ілмектер: тіл Жиль Делез

Идеялар дегеніміз — көп мағыналылық, əр идея — көп мағыналы, көп қырлы.

Ілмектер: идея, мағына Жиль Делез

Қоршаған ортадағы адамдарға қарап, өзімнен қорқамын.

Ілмектер: қоршаған орта, адам, қорқақтық, қорқыныш Narsha Bulgakbaev

Стоиктардың қарама-қайшылығы — тағдырды мойындай отырып, қажеттілікті жоққа шығаруда болып отыр ғой.

Ілмектер: тағдыр Жиль Делез

Актердің ойнайтын рөлі — кейіпкердің рөлі емес. Ол — тақырып.

Ілмектер: актер, тақырып Жиль Делез

Ақымақтық — жануарға тəн белгі емес. Жануар «ақымақ» болудан ерекше қорғалған.

Ілмектер: ақымақтық, жануар Жиль Делез

Пікір айту саласында мүмкін де, елес те ештеңе жоқ, мұнда бəрі — айқын.

Ілмектер: пікір Жиль Делез

Өзі тапқан жəне өзі қайта көміп тастаған тұңғиыққа қайта оралу — міне, Ницшенің мүлдем өзінше өлген жері осы!

Ілмектер: өлім Жиль Делез

Актер — Құдай емес, «қарсы — Құдай» болуы ықтимал.

Ілмектер: актер, құдай Жиль Делез

Алладан қорықпаған, жаратылғандардан қорқып жүреді екен.

Ілмектер: Алла, қорқынышты, қорқыныш, жарату Narsha Bulgakbaev

Мен үшін өмір де — бір, өлім де — бір,
Өлгенде ойнап тұрар көгімде нұр!

Ілмектер: өмір, өлім Жарылқасын Аманұлы

Жүрегім менің — жанартау.

Ілмектер: жүрек, жанартау Жарылқасын Аманұлы

«Ақиқат ойыны» немесе, дəлірек айтқанда, ақиқатты табу процедурасы деген бар.

Ілмектер: ақиқат Жиль Делез

Мəселе, биліктің не екенінде жəне қайдан шыққанында емес, қалай жүзеге асырылып жатқанында.

Ілмектер: билек Жиль Делез

Өмірдегі қиындықтар мен ауыртпалықтар — күнәлар мен қателіктерден туындайды. Адам надандық пен қажетті білімнің жоқтығынан оларды өз еркімен қалайды, бірақ білмейді. Алайда, ешкім күнә мен қателікті қасақана, әдейі жасамайды, мұның бәрі үмітсіздік пен ішкі жанжал дертінен. Мұны түсіну және қабылдау қиын болуы мүмкін, бірақ мен үшін дәл солай.

Ілмектер: Өмір, қиындық, ауыртпалық, күнә, қателік, надандық, білімсіздік, ерік, үмітсіздік, жанжал, дерт Narsha Bulgakbaev