Өлең, жыр, ақындар

Ұлағатты сөздер

Анархия — пайдасыз құбылыс, өйткені ол кез келген қоғамның тіршілік мүддесіне қарама-қайшы келеді.

Ілмектер: анархия, қоғам, тіршілік, мүде Эмиль Дюркгейм

Шарт — айырбас символы.

Ілмектер: шарт, символ Эмиль Дюркгейм

Бәріне ұнаймын деп ойлау бұл тұзақ, адамның өз-өзін жақсы көруге кедергі келтіретін. Ұнауға лайық деңгей-дәрежеге жетсек те, бізге шынайы бағаны бір Алла ғана бере алады. Сізді позитивті бағалайтын, қадір-қасиетіңізге жеткен адамдар қоршап алса да, оларға қатты сене бермеңіз, сынаққа тап болған кезде барлығы сатады, жалғыздық — бұл өмір заңдылығы, одан шығатын бір-ақ қана жол бар — өз-өзіңді толық өзің ғана қамтамасыз ететіндей деңгейге дейін жету, өз-өзіңе жеткілікті болу. Ешкімге тәуелді болмау. Құлдық санаға түсіп қалмау.

Ілмектер: ұнау, ой, тұзақ, адам, жақсы, лайықты, деңгей, тәуелдлік, Құлдық Сана, дәреже, шынайы, Алла, позитивті, баға, қадір-қасиет, сенім Narsha Bulgakbaev Нарша Булгакбаев

Тұлға атану деген — іс-қимылдың дара қайнар көзіне айналу деген сөз.

Ілмектер: тұлға, іс-қимыл, көз Эмиль Дюркгейм

Суреткер болу міндетті емес, залым болу да — солай.

Ілмектер: залым, суреткер Эмиль Дюркгейм

Қанды кек (вендетта) — қоғам заңды деп тапқан жаза. Бірақ оны қолдану машақаты — жеке адамдардың өз еркіне қалдырылған.

Ілмектер: Қанды кек, вендетта, қоғам, заң, жаза, машақат Эмиль Дюркгейм

Билік бедел жасауға қатысады, оның көмегімен бедел сананы билеп шыға келеді — биліктің күші осылай туады.

Ілмектер: билік, сана, күш Эмиль Дюркгейм

Барлығымызды бір ғана ақиқат тоғыстырады — Жаратушының жаратқан заңдары, яғни дәлелденген ғылым.

Ілмектер: Ақиқат, жаратушы, заң, ғылым Narsha Bulgakbaev Нарша Булгакбаев

Көсем мен көсемшелердің өздері басқарып отырған тобырдан айырмашылығы шамалы.

Ілмектер: көсем, тобыр, айырмашылық Эмиль Дюркгейм

Əр халықтың өз моральдік философия мектебі бар.

Ілмектер: халық, мораль, философия, мектеп Эмиль Дюркгейм

Сезімнің бар тірлігі нанымнан тұрады.

Ілмектер: сезім, наным Эмиль Дюркгейм

Топас болмау — əркімнің өзінің міндеті.

Ілмектер: топас, міндет Эмиль Дюркгейм

Арман-мақсаты серьезно четкий адам, оған ЖЕТПЕЙ ӨЛМЕЙДІ. Себебі жетістіктің кайфы оған өлім туралы ойлатқызбайды.

Ілмектер: өлім, жетістік, арман, мақсат Narsha Bulgakbaev Нарша Булгакбаев

Тіл — не түгел беріледі, не мүлдем болмайды.

Ілмектер: тіл Жиль Делез

Өзгерген заман емес, адам санасы. Алайда адам санасын өзгерткен заман.

Ілмектер: Заман, адам, сана Narsha Bulgakbaev Нарша Булгакбаев

Шын мəнінде моральге жат нəрсе — «əділдік-қиянат», «маңдай тері — айыбы» деген тектес этикалық ұғымдарды қолданысқа көшіру.

Ілмектер: мораль, әділдік, маңдай тер, этика, ұғым Жиль Делез

Адам — өзінің құйылысы мен шегінісі арасындағы құмнан жасалған бейне тəрізді.

Ілмектер: адам, құм, бейне Жиль Делез

Сократалды-философ деген қазір де үңгірден шықпас еді. Керісінше, ол біз əлі оған тереңдеп бойлай қойған жоқпыз, оны жеткілікті дəрежеде түсіне алмай жатырмыз деп ойлайды.

Ілмектер: философ, үңгір Жиль Делез

Физика — саудагерлік көзқарас тұрғысынан алғандағы натурализм.

Ілмектер: физика, саудагер, көзқарас, натурализм Жиль Делез

Адам салдарын алдын ала біле алмайды, сондықтан қателеседі, күнәға барады. Алайда надандықты тағдырмен ақтап алуға болмайды.

Ілмектер: надандық, тағдыр, ақталу, адам, қателік, күнә Narsha Bulgakbaev Нарша Булгакбаев