Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (89) Өлеңдер (14) Жоспарлар (7) Мақал-мәтелдер (2) Ұлағатты сөздер (35) Әзіл, анекдоттар (7)

Студент экзаменге келіпті. Мұғалімнің столына бір коробка конфет қойыпты.Мұғалім:
-Жақсы үш
Студент бір коробка торт шығарғанда. Мұғалім:
-Жақсы төрт
Содан кейін студент қымбат бір қалам шығарғанда:
-жақсы бес, зачеткаңызды беріңіз -депті де, сол ручка мен бағасын қойып беріпті. Студент стөлге қойған барлық затты қайтып жинап алып:
-Жақсы, енді барып физикамды қойдырып, алайын - деп кетіп қалыпты.

Ілмектер: студент, экзамен, Мұғалім, баға

Мектепке келген жаңа тарих мұғалімі оқушылардың білім деңгейін тексеру мақсатымен:
- Отырарды кімдер алды?
- Апай, біз емес алған!
Оқушылардың төмен деңгейіне ашынған мұғалім директорға барып:
- Оқушылар тіпті Отырарды кімдер алғанын білмейді!
- Ой, қорықпаңыз кім алса да, жылдың соңына дейін қайтармаса, оқудан шығарып жібереміз)))

Ілмектер: Мектеп, Отырар, оқушы, директор, Мұғалім, оқу, білім

Әдебиет сабағында:
Мұғалім: Бүгінгі тақырыбымыз - "Қозы Көрпеш пен Баян сұлу"
...Сарыбай Қарабайдың баласы Қозыны бесікте көргенде қорыққан екен.
Оқушы: Апай, сізде қошақанды бесікке бөлеп қойса қорқатын едіңіз ғой!

Ілмектер: Әдебиет сабағы, мұғалім, Қозы Көрпеш пен Баян сұлу

Мұғалім үй жұмысына жалқаулық туралы шығарма жазып келіңдер деп тапсырма берген болатын. Жалқаулықты кім ең жақсы түрде сипаттаса жүлде бар дейді. Сыныптағылардың пікірі бойынша бір баланың шығармасы жалқаулықты ең жақсы түрде сиппаттады деп қабылданады, бірақ әлгі балаға мұғалім екі қояды. Өйткені ол іші бос парақ өткізген болатын. :)

Ілмектер: Мұғалім, жалқаулық, үй жұмысы, шығарма

Мұғалім оқушыларға еркін тақырыпта шығарма жазып келіңдер деп тапсырма береді. Балалардың біреуінің шығармада “шамамен, болжам бойынша” деген сөздерді көп қолданғанын көрген ұстазы, сен үлкейгенде кім боласың деп сұрайды. Әлгі оқушы кідірместен: «Ауа райы болжаушысы боламын» деген екен.

Ілмектер: Мұғалім, оқушы, мамандық, Ауа райы болжаушысы

"Бұл жолы көтермелеп қойып жатырмын. Келесі де оқымасан шын бағанды қоям" дейтн мұғалімдермiз аман болсын)))

Ілмектер: Мұғалімдер, мұғалім

Мұғалім оқушыларға сұрақ қойып жатыр...
Мұғалім: Дастан сен үлкен болғанда кім боласың?
Дастан: Мен үлкен болғанда бай болам, ақшам көп болады, əйел аламын, сол əйеліме - машина, алтын, бриллиант, яхта, вилла алып беремін кейін шетелдерге алып барып саяхат жасатамын.
Мұғалім бəрекелді жарайсың. Ал Гульназ сен үлкейгенде кім боласың?
Гульназ: Мен үлкейгенде Дастанның əйелі боламын!

Ілмектер: Мұғалім, оқушы, кім боласың

Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет

Жарнама