Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (2) Жоспарлар (1) Әзіл, анекдоттар (5)

Автобуста кетіп бара жатып бір жерге кешігіп бара жатсаңыз, кешігіп бара жатқаныңызды автобусқа білдірмеңіз. Автобус мұны сезсе одан сайын жәй жүреді ))

Ілмектер: асығу, автобус

Автобуста кәрі кемпір арық жас адамға орын бермекші болады:
- Отыр сормаңдай, соншама неге арықсың? Науқассың ба?
- Жоқ, рахмет. Мен - студентпін.
- Онда сырт киіміңді бер, ұстап тұрайын !
- Бұл сырт киім емес, бұл менің досым - Арман !!!

Ілмектер: автобус, арық, студент

Көлігі апатқа ұшыраған автобус жүргізушісінің басына келетін ең бірінші ой:
-ААА, тиындар шашылатын болды!

Ілмектер: тиын, Көлік апаты, автобус, жүргізуші

Бір күні бір студент бала әкесіне хат жазыпты.
" Сәлеметсізбе, әке! Жағдайларыңыз қалай? Сіздер жіберген ақшаны үнемдеп, күніге автобустың артынан жүгіріп барып, жүгіріп келіп 50 теңгеден 100 теңгені үнемдеп жүрмін."
Әкесі баласына былай деп жазыпты:
"Балам енді микроавтобустың артынан жүгірсең, күніге 80 теңгеден 160 теңге үнемдейсің!"

Ілмектер: студент, автобус, үнемдеу.

Автобусқа отырған бір оқушы кондуктордан екі билет сатып алады. Кондуктор одан: «Балақай неге екі билет алдың?» деп сұрайды. Оқушы: «Біреуін жоғалтып алсам, екіншісін көрсетемін» - деп жауап береді. Кондуктор: «Ал екіншісін жоғалтып алсаң ше?» дегенінде бала: «Онда менде "проездной" бар» деп қалтасынан бір айға арналған жол жүру билетін көрсеткен екен.

Ілмектер: автобус, оқушы, кондуктор

nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)