Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (85) Өлеңдер (15) Жоспарлар (18) Мақал-мәтелдер (213) Ұлағатты сөздер (92) Әзіл, анекдоттар (9)

- Әке, сіз маған түсімде кішкентай шоколад сатып алып беріпсіз.
- Балам, бұзықшылық жасамай, тәрбиелі болсаң, түсіңде үлкен шоколад та сатып алып беремін.

Ілмектер: әке, бала, түс

Кішкентай бала жүгіріп келіп:
-Апа, апа қайнап жатқан қазаның ішіне тышқан түсіп кетті, - депті. Апасы шошып кетіп:
-Алып тастадың ба? Күиіп қалмадаың ба? Не істедің? - десе, баласы:
-Тышқанды ұстасын деп артынан мысықты салып жібердім, -депті.

Ілмектер: мысық, тышқан, бала, апа

Әжесі немересіне:
- Балам, егер жөтелетін болсаң ауызыңды қолыңмен жауып жөтел, - дейді.
Сонда немересі:
- Әже қорықпаңыз, менің тістерім сіздікіндей ұшып кетпейді, - депті. ))

Ілмектер: ауыз, Әже, бала, жөтел, тіс

Жігіт кішкентай баланың кәмпит жеп отырғанына қарап отыр. Бала оншақты кәмпит жегеннен кейін, жігіт шыдамай:
-Балам, көп кәмпит жеудің денсаулыққа зиян екенін білетін шығарсың?
Кішкентай бала:
-Ал, менің атам 105-ке дейін өмір сүріпті.
-Ол да көп кәмпит жеген бә?
-Жоқ, ол біреудің ісіне араласпайтын...)

Ілмектер: бала, жігіт, денсаулық, ұзақ өмір

Кішкентай екі бала сөйлесіп тұр:
– Туған күнің қашан?
– 20 қарашада.
– Қай жылы?
– Жыл сайын ғой...

Ілмектер: бала, туған күн

Үйіне жүгіріп кірген бала анасына:
- Анашым 100 теңге бересіз бе?-дейді.
- Оны қайтесің балам?
- Бір кәрі апаға берейін деп едім.
- Өй жарайсың балам! Дұрыс, қайырымды болу керек! Ол кісі қай жерде?
- Мына көшенің бұрышында, балмұздақ сатып отыр.

Ілмектер: бала

- Ата, осы сіз ғой феодализм кезінде де, енді, міне, капитализм де өмір сүріп келесіз. Шыныңды айтыңызшы, қай заманда өмір сүрген жақсы екен?
- Е, несін айтасың балам, бай болсаң - феодализмде, кедей болсаң - социализмде, ұры болсаң - капитализмде өмір сүрген жақсы депті атасы.

Ілмектер: заман, ата, бала, анекдот, күлдіргі әңгімелер


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)