Жарнама

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (10) Өлеңдер (2) Жоспарлар (1) Мақал-мәтелдер (121) Ұлағатты сөздер (4) Әзіл, анекдоттар (3)

Төбет күшігін шақырып алып:
- Мектепке сабаққа жақсы дайындаласыңдар ма? – деп сұрайды.
- Әрине, жақсы дайындаламыз.
- Оқуды үйрендің бе?
- Жоқ.
- Санауды ше?
- Жоқ.
- Түбің түскір–ау, мектепте не үйретеді?
- Біз шет тілін үйреніп жүрміз?
-Жақсы екен. Шет тілінде бірдеңе айта қойшы?
- Мияу –у!

Ілмектер: күшік, ит, оқу

Екі көрші сөйлесіп отыр.
- Менің итім топастың топасы. Кеше кешке аяқ киімімді әкел деп бұйырсам тыңдамайды. Өзінше ас үйде борщ пісіріп жүр.

Ілмектер: ит, борщ

Бір ауылда бір шал бәрін мазақтап, бәрімен қалжыңдасады екен. Бір күні сол шалдың Ақтөс деген иті өліп қалады. Ауылдағы жігіттер жиналып:
- Біз де барып қалжыңдайық. Иті өлгеніне көңіл айтып барайық - дейді.
Жігіттер жиналып барса, шал есік алдында отыр екен.
- Ата, итіңіздің арты жақсы болсын! - деп жігіттер шалды құшақтап көңіл айтыпты. Сонда шал:
- Әй, кемпір, шай қой, Ақтөстің достары келді! - депті.

Ілмектер: ит, шал, кемпір, қалжың

Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)