Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (17) Жоспарлар (1) Мақал-мәтелдер (9) Ұлағатты сөздер (5) Әзіл, анекдоттар (4)

-Көлік сатып алғалы өміріңде қандай өзгеріс болды?
-Жолдан абайлап өте бастадым.

Ілмектер: көлік, өзгеріс

Көлік дәметкен әйел

Күйеуі әйелінен сұрап жатыр:
- Сүйіктім, туған күніңе не сыйлайын?
Әйелі:
- Маған үш секундта 100-ге дейін жететін нәрсе сыйлашы.
Күйеуі ойлана келіп, таразы сыйлапты.

Ілмектер: күйеу, әйел, сыйлық, Көлік, таразы

Мас күйінде көлік жүргізбек болған адам жаяу жүргіншіні қағып кетеді. Мас жүргізуші аяғы сынған жаяу жүргіншіге «Егер сотқа арызданбайтын болсаң, саған көп ақша беремін» дейді. Жаяу жүргінші: «Болады, неге болмасқа, маған 500 миллион теңге берсең, арызданудан бастартамын» дейді. Жүргізуші ашуланып: «Сен не, мені миллиардер деп ойлап тұрсың ба?» дейді. Жаяу жүргінші болса: «Сен не, мені қырықаяқ деп ойлап тұрсың ба?» деген екен.

Ілмектер: көлік, қырықаяқ, жаяу

Қыз: Темекі шегесің бе?
Жігіт: Иә.
қыз: Күніне қанша рет?
Жігіт: 3
Қыз: 1 темекі неше теңге?
Жігіт: 100 тг
Қыз: Қанша жылдан бері шегіп келесің?
Жігіт: 15
Қыз: Күнде 3 темекі шеккеніңе қарағанда 1 айда 9000тг, ал 1 жылда
108000тг, ал 15 жылда 1620000тг (10800$), 15 жыл шекпей ақшаңды жинағаныңда қазір өзіңе бір керемет машина сатып алар едің
Жігіт: Хмм... Сен темекі шегесің бе?
Қыз: Жоқ.
Жігіт: Онда айтшы сенің машинаң қайда?

Ілмектер: темекі, көлік

Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)

Пікірлер