Қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті талапкерлерді оқуға шақырады!

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (25) Өлеңдер (61) Жоспарлар (2) Мақал-мәтелдер (25) Ұлағатты сөздер (104)

Бақыттың тойы басталды

Келеді бүгін көгімнен тағы атып күн,
Шырқайтын сәті бақ тілеп жасқа уақыттың.
Қос аққу болып жұбайлық өмір басталып,
Көтерілді туы бақыттың.

Толық

Бақытты болмау болмасын

Алдама тағдыр сезімнен жалған, қашық ет,
Шын сүйген мені, ғашық бір жанға ғашық ет.
Махаббат деген сиқырлы сезім секілді,
Сегіз-ақ әріп, сексен мың толы қасірет.

Толық

А-ға

Бақытқа әркез сенсеңіз,
Биік боп жүрер еңсеңіз.
Жаңа жыл жасың сұрама,
Жаңа жыл жасы-он сегіз.

Толық

Уақыт, өмір, бақыт

Уақыт - бұзық бір қарамай обалға,
Бір күндері бізді бәлкім тонар ма?
Мен өмірге енді оралып келмеймін,
Мүмкін соның өзі қызық болар ма?

Толық

БАҚЫТ

Іздемегін Бақытыңды жырақтан,
Біле білсең, Бақыт - сенің бойыңда!
Өмір деген тұрады сан сұрақтан,
Айналдырма қымбат сәтті ойынға!

Толық

Бақытым менің алыста

Алданбайын арзанқол жұбанышқа,
Алданып жұбанышқа, құрақ үшпа!
Қазір менен қашықтап куаныш та,
Әйтеуір, бір бақытым тұр алыста.

Толық

Бақыт

Өткір ойлы қара көз,
Өжет, ұтқыр, бал мінез.
Бақытым менің інішегім,
Жүгіре басып келді тез.

Толық

Туғанмын бақыт нұрында

Туғанмын бақыт құшақтай
Өмірдің сәулет нұрында.
Туғанмын азат анадан,
Туғанмын совет жылында.

Толық

Мен бір бақыт іздеп жүрмін, достарым

Мен бір бақыт іздеп жүрмін, достарым,
Ұқсамайтын бақытына басқаның.
Жұлдыздардай жарық әрі биік тым,
Сол бақытты іздеп жүріп жиі ұқтым:

Толық

Бақыт боп жарыта қоймадың

Бақыт боп жарыта қоймадың,
Туылған шығарсың мұңыма?
Озар ма ойларға тоймадым,
Мән бере қоймассың жырыма.

Толық

Шүкірлік

Тәубесіне келетін уақытында,
Өмір дертін түсінген адамдар бар.
Тең ұстаған сыны мен бақытында,
Сол тағдырда сүрінбес қадамдар бар.

Толық

Жігерлендіру немесе өзін бақытсызбын деп есептеген жігітке жауап

Сен жыладың, жігітім,
Көп көрдім деп тұрмыстың тапшылығын,
Қайтпады деп жұртқа еткен жақсылығым.
Сен жыладың,

Толық

Бақыт

Бақыт деген ата -анаң ,бауырың,
Солар болар қалқаның мен қаруың .
Шатастырма бақыт пенен мансапты
Бақыт деген жұлдыз болып жануың.

Толық

Бақыт

Бақыт — құс ұшып жүрген қолға түспес,
Билеуге оны ешкімнің күші жетпес.
Қолыңа құдай айдап бір қондырса,
Барам деп мен анаған ұшып кетпес.

Толық

БАҚЫТТЫ ӨМІР

Бақыттан басым бір айналды,
Не себеп? Неліктен? Белгісіз.
Көңілім гүлдей боп жайнады,
Бір шаттық кернейді сенгісіз.

Толық

Baqyt

Бақыт деген анаңның жымиған күлкісінде
Бақыт деген әкеңнің "қызым" деген көңілінде
Шын шаттық ағаңның жылы құшағында
Әр адамның бақыты

Толық

Сенімді дос о да бақыт

Сенімді дос о да бақыт
Өз басыңның болса теңі.
Әлсірерлік туса уақыт
Қолтығыңнан демер сені.

Толық

Бақытты бол

Өр көңілім саған қарай сүйреген,
Әнім едің шырқай салған кештерде.
Тұрып-тұрып қайтушы едім үйге мен,
Терезеден сенің шамың өшкенде.

Толық

Бақыт деген

«Мұғалима бізге бақыт туралы шығарма жаздырды. Бақыт деген не екенін мен қайдан білейін...»
Бақыт деген - сенің бала күндерің
Бақытсыз-ақ бақытты боп жүргенің,
Бақытын да, басқасын да білмеуің

Толық

Болғанмен білімсізге бақыт серік

Болғанмен білімсізге бақыт серік,
Жүрмейді жүз айтқанмен, дәулет еріп.
Ұрынып өз-өзінен от пен суға,
Жоқ қылар жошағыдай жинап, теріп.

Толық