Кәрілік
Дүниенің мысалы,
Бұтаққа қонған сауысқан.
Ұшып жүріп шықылықтап,
Өлексе жеп тауысқан.
Жыл өткен сайын сеземін
Алып жүр әжім кезегін.
Дер едім олар әдемі
Торласа бетін әженің
Саялады жарын Бек «жүрегім!»деп,
Аялады жасында «тірегім!»деп,-
Күндер өтіп, кəрілік таяғалы,
Күнде зекіп, «кемпірін» аямады.
Сексен жас түсірмейді қандай күйге
Қартайып үлкен әке жатты үйде.
Қол қалтырап, буынның бәрі босап,
Сүйеніп әзер тұрар жайма шиге.
Кәрілік – құтылмайтын бір қазған ор,
Қайратсызға өмірдің бейнеті зор.
Өлмейтін, жазылмайтын сол аурумен
Жалғанда жан болмайды кәріден қор.
Кәрілік, шал деген – бір, ат қылғандай,
Айнадай ақылыңды тат қылғандай.
Жеңілді ауыр, алысты жақын қылып,
Бір туысқан жақынды жат қылғандай.
- Альфред Адлер
- Альфред Адлер
- Альфред Адлер
- Альфред Адлер
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі