Гурьев
Көрінген сонадайдан Гурьевім,
Көрмедім Гурьевтей жер биігін.
Сыртыңнан өзімсініп жүрсем-дағы,
Әркімдер салады екен көз қиығын.
Ақ көңіл ағызайық әннің майын,
Жас дәурен шалқып жатқан айдындайын.
Астынан алты қырдың шыққан даусым,
Жетсе екен құлағына қалқатайдың.
Айналайын, ақ жүзің, айдан әппақ,
Сендей жарды ер жігіт қайдан таппақ,
Дедімай-ау,
Көрген адам қасыңнан кете алмайды,
Сен де арманда, қалқатай-ей, мен де арманда,
Екі арманда жылайды айрылғанда, дей салдым-ей.
Кішкентайдан бірге өскен-ей құрбым едің,
Нең кетеді артыңа қайрылғанда, дей салдым-ай.
Ендеше ән баяулы-ей, ән баяулы-ей,
Жігіттің жарлы болар-ей, шіркін-ау, жаны аяулы-ей.
Өткізбе өміріңді-ей, бостан-босқа-ей,
Барады өтіп жалған-ей, шіркін-ау, күн санаулы-ай.
Басылмас қартайғанша-ей жастық серпін,
Жасымнан еркеледім емін-еркін.
Ей, Ақмарал,
Сұлу бикеш,
Құла кермен аулыңа аяңдайын,
Жүрсек сырын өзіңе баяндайын.
Ұға алмасаң жүректің ләззатын,
Жан сәулем деп айтудан аялдаймын.
Шырқап салса келеді әннің сәні-ей,
Сыбызғышы, сырнайшы, домбырашы-ей, сәулем-ай.
Той-думанды мереке болған жерде-ей,
Қыз-бозбала жиылып ән шырқашы-ей, сәулем-ай.
Айт дегенде өлеңді аңырмаймын,
Көлден ұшқан аққудай мамырлаймын.
Еркем-ай,
Бүгін болған мерекең
Біздің ауыл Ақсайдың қақпасында, жан сәулем.
Күміс жеген жарқылдар ат басында, еркем-ай.
Шыныменен көңілің болса бізде,
Шапан-ішік жымылып жат қасымда, еркем-ай.
Дәйім менің мінгенім көгілдірік, көгілдірік,
Көк дөненге жарасар өмілдірік-ай.
Жерің шалғай кеткенде құрбыластар, құрбыластар,
Осы әніме сала жүр төгілдіріп-ай.
Алып келген базардан қыжым кебіс,
Сілекейі қалқаның болар жеміс.
Жел тимесе, күн тимес деген сөз бар,
Сұлу қыздың айтқаны ұят емес.
-
- Габриэль Гарсиа Маркес
- Альфред Адлер
- Альфред Адлер
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі