Алғашқы ұстазға
Білімнің жинай білсек бүгін нәрін,
Ұстаздың еңбегі деп ұғынғаным.
Алғашқы ұстаз, бір сіздің арқаңызда,
Бұл күнде шарлай алсақ білім бағын.
Білімнің жинай білсек бүгін нәрін,
Ұстаздың еңбегі деп ұғынғаным.
Алғашқы ұстаз, бір сіздің арқаңызда,
Бұл күнде шарлай алсақ білім бағын.
Өзім жеттім деп сендер тасынбаңдар,
Себепкері бағыңның басың да бар.
Сені сүйреп арманыңа жетелеген,
Ол ұстаздар, аяулы асыл жандар.
Шәкірттер, бір-біріңмен ұрыспаңдар,
Мінездің мінін алып, дұрыстаңдар!
Жолына жамандықтың жақын бармай,
Күтініп күн ілгері жылыстаңдар!
Ұстазым,асқар тауға жетелеген,
Ұстазым, анамдай мәпелеген.
Ұстаз ғой ақылшыңда,қамқоршың,
Сондықтан да басымды ием, алдыңда мен!
Мен ұстазбын-мәңгі бағым сақталған,
Мен ұстазбын- ана үміті ақталған.
Мен ұстазбын- адал еңбек бекіткен,
Мамандығым ел алдында мақталған.
Ұстаз атты бір жан бар
Оқушылар ұстаздарды тыңдаңдар!
Əр күн сайын білім берер сендерге
Үйретеді өмір жайлы бұл жандар
Ұстаздан білім алады,
Батырлар да, дана да.
Ұстаздың еткен еңбегі,
Қалады мәңгі санада.
Болашақ сендердікі, өрендерім,
Білімнің өтедіңдер төлемдерін.
Тердіңдер әр пәннің де жақұттарын,
Тұңғиық сүңгіп жүзіп тереңдерін.
Білім жолын ұғындырған тереңінен,
Оқушыға үйретер, берері кең.
Ұстаздықты не деген сұрақ қойса,
Ұстаздықты «Ұлылық» дер едім мен.
- Альфред Адлер
- Альфред Адлер
- Альфред Адлер
- Альфред Адлер
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі