Қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті талапкерлерді оқуға шақырады!

Ілмек бойынша іздеу


Өлеңдер (19)

АҚЫНДАРДЫҢ АҚЫНЫ

Ақындардың ақыны - Мұқағали атамның,
Салған ізін жырға қосып жазамын.
Бола алман, мен сірә да, мықты ақын,
Жалғамаққа болсам да, ұлы ақын қадамын.

Толық

Бар қуанышым өздерің, бақытым да байлығым.

Жасырса да қиындығын, бар мұңын,
Қуантуға тырысады барлығын.
Ақ көңіл, кең пейілді анашым,
Шуағымсың, әр күн атар таң нұрым.

Толық

КӨКТЕМ

Жылғалардан су ағып, көктем келді көгіме,
Алтын түсті алтын күн нұрын шашты төгіле.
Құстар сайрап, ән салып, шартарапта ұшады,
Бәйшешектер бүр жарып, нұр ойнайды көгімде.

Толық

Соңғы қоңырау.

Уақыт деген жылжиды екен қас - қағым,
Жүрегімде жыр жырлайды асқақ үн.
Түлек болып, қалыппыз ғой бұл күнде,
Бағындырар, асқақтардың асқағын.

Толық

Фариза.

Ол елге сүйкімді еді, сүйікті еді,
Қара өлеңнің тарланын кейіптеді.
Қара өлеңмен ақтарған бүкіл сырын,
Фариза ақындықтың кейіпкері.

Толық

ӨМІР - СЕН ДАУЫЛСЫҢ, ДАМЫЛДАМАС.

Өмір - сен дауылсың, дамылдамас,
Дамылдамас бір сәтте.
Өмір тоқта! Асықпағын,
Аялдашы, бір сәтке.

Толық

Сырт айналдым, көп адамнан расымен.

Сырт айналдым, көп адамнан расымен,
Бет - бейнесін көрсетпейтін көп адам
Қатыгез боп барады екен несімен.
Сырт айналдым, көп адамнан расымен,

Толық

Дала қоңырауы

Ұлы дана мен үшін болған дара,
Мойындады бүкіл ел, жаһан дала.
"Алғашқы ұстаз" деп білеміз, Ыбырайды,
Алғыс айтар әрбір жас, әрбір бала.

Толық

Биік белес, асқар таудай тұр арман

Бір сәт келіп, ой - санамды тербетіп,
Қалам алам қолыма, ақ қағазға серметіп.
Бәрін жазам, көңіл - күйді төңкерем,
Міне, менің нағыз бейнем, нағыз менің келбетім.

Толық

Құсқа айналғым келеді, қалықтаған.

Құсқа айналғым келеді, қалықтаған,
Қалықтаған, аспанда шарықтаған.
Мүлде бөлек өмірі, тұрмысы да,
Оның ғажап әлемі, таңсық маған.

Толық

Мені ұмыт

Жадыңнан жой, ұмытқын енді мені,
Есіңе алма, ешқашан, жоқпын енді.
Іздеуге де тырыспа, ойлама да,
Тірі емеспін, сен үшін, өлгем тегі.

Толық

ҚАРА ӨЛЕҢ - СЫРЛАСЫМ

Ұзақ уақыт өтіпті - ау, былтырғының жазынан,
Алыстапта қалыппын, қара өлең сазынан.
Жылға таяу болса да, қоштасқалы қаламмен,
Жүрегімде қалыпты, ең бағалы қазынам.

Толық

Мұқағали Мақатаевқа

Өлеңімен көрсеткен шыншылдығын, паңдығын,
Әсерменен жеткізген шырайлы күн, таң нұрын.
Қисынымен келіскен әрбір буын, тармағы,
Сырын шертіп, көрсеткен қуанышын, бар мұңын.

Толық

Ғашықпын ба?!

Сенбеп едім, бұл сезімнің барына,
Күмәнменен қараудамын тағы да.
Бар ма өзі, жоқ па, әлде расымен,
Арбап алып, әкелді ме алдына

Толық

Ұстаз.

Білім жолын бастадым ұстазбенен,
Қасиетті, киелі ұғым «ұстаз» деген.
Жүрегімнен ойып тұрып, орын алар,
Басымды иемін, ұстазға алғыспенен.

Толық

НАУРЫЗ

Келді мейрам қазағымның төріне,
Жыл басталып, нұр ойнайды көгімде.
Жер құлпырып, жасыл желек жамылып,
Нұрын төгіп самалы, есіп өтер жерімде.

Толық

ӘКЕМЕ

Асқарым бар, өте биік "әке" деген,
Кеше ғана, бала едім әкелеген.
Үлгі тұтар тұлғаң кім? - деп сұраса,
Ойланбастан, сол сәтте, "әке" дер ем.

Толық

Туған жер - алтын бесік

Ей, туған жер, сенесің бе, сен маған?!
Аспаны ашық, тауы биік, кең далам.
Көкіректі бір алып күш кернейді,
Құшағыңды ашта , кәне, кел маған!

Толық

Жан анашым


Жүрегімнің түкпірінде сақталған,
Жылы тиер, сан мың есім, аттардан.
Туа біте, жүрегімде бір сөз бар,
"Ана" деген әріптермен жатталған.

Толық