Жігіттер
Жақсы қыз бозбалаға пар болғандай
Жігіті душар келсе, жар болғандай.
Теңі емес бір фасыйққа берілсе ет
Көңілі көтерілмей зар болғандай.
Өнерімен еткен соң елді құмар,
Өнердің түп-нұсқасын мол ұғынар.
Жігіттердің төртеуі де қалжың құмар,
Арасында Ерболаттың куйлері бар.
Ал, құрбым, көлік дайын жүр кетелік,
Жолдардан бізді күткен бірге өтелік.
Алатауым — ақ отау мың сан қонған,
Көгілдір сағым биік түр көтеріп.
Жігіт болсаң көтер басты
Салбыратпа иекті
Өз пікірің,ойың болсын
Көрсетпе әлсіз жүректі.
Он, жігіттер, жігіттер, жалындаған,
Алдарыңда асу жоқ алынбаған.
Көлдің жасыл жайқалған құрағындай,
Қатарларың күн сайын қалыңдаған.
Бөрікті аспанға атып, аттан салып,
Жігіттер, мақтанбалық, мақтанбалық!
Қашаннан қазақ деген сырмінезді,
Мақтаусыз да, мақтансыз жатқан халық.
Армысыңдар, жігіттер, армысыңдар,
Аман-есен бәрің де бармысыңдар?
Менен ұшып сендерге қонақтайтын,
Сәлем атты кеудемде жыл құсым бар.
Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат,
Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат.
Арзан, жалған күлмейтін, шын күлерлік
Ер табылса жарайды, қылса сұхбат.
Менің сырым, жігіттер, емес оңай,
Ешкімнің ортағы жоқ, жүрсін былай!
Нені сүйдім, дүниеде неден күйдім,
Қазысы оның — арым мен бір-ақ құдай.
Әй, жігіттер, үлгі алмаңыз,
Азған елдің ішінен.
Алыс - алыс қашыңыздар,
Зияндасты кісіден.
- Альфред Адлер
- Альфред Адлер
- Альфред Адлер
- Альфред Адлер
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі