Сағыныш
Күрсінісіп тікені, изендері,
Көріне ме көн кеуіп, күйзелгені?
Көш барады ботадан ұзағырақ,
Адаса ма, сол бота із көрмеді.
Сағындым сені, достарым,
Жапанды кезген партизан,
Жолбарыстай жортқан түн,
Жер астында жанған шам:.ч
Іздейді адам бақытын, аңсағанын,
Зарығу бар үздіккен үнді әнінде.
Жапырақтар да сағынып таң самалын,
Бөленетін сияқты мұңға күнде.
Сары өзен. Сары тоғай. Сары қайың.
Сары өзек. Сары дала. Сары уайым.
Сартап сезімдерге сабау болып,
Сары ішік шабытымды жамылайын.
Самға қарай самғасам ғой сағыммен,
Енді ешқашан оралмасам қалаға.
Ермесем ғой сайқал жемқор ағымға,
Көрмесем ғой адамдарды алаған.
Көп–ау жандар арманына жетпеген де, жеткен де
Өмір құшқан ақын жаны лапылдаған от кейде.
Гүл атқызам ақ арманды көктеменің өзіндей,
Өр теңіздің өзі берген тасқыны бар тек менде.
Сағындым, бала кезді ойнақтаған,
Бала боп ойнапты атам, ойнапты анам.
Шіркін-ай, жақсы екен ғой балалық шақ,
Уайым, ешнәрсені ойлатпаған.
Қайдасың сағындырған махаббатым
Мөлдіреп төккен нұрлы шапағатын?!
Мен сені іздеп жүрмін бау-бақшадан
Ғашықтар мекені деп аталатын.
Мектеп кезі қайта оралып келмейді,
Естеліктер сағынышты емдейді.
Бәрін бәрін еске алып, ой санам
Студент болып жүргеніме сенбейді.
Аман ба Теміржан дос, ауыл-аймақ?
Сары атан болған шығар сары тайлақ.
Ержетіп кеткен шығар ұл-қыздарың,
Бір кезде отыратын «сарымайлап».
Жүрегіме шоқ болып түсіп, өртедің барлық тамырды,
Сағыныш сезім жүректі шарпып, қуаты мықты, жалынды....
Сол сағынышты сөндірем енді, сөндірем енді қалай мен?
Маған беймәлім тылсым бір күшпен тағатсыз сені сағынды.
Іздеме мені көктен де,
Қарама артқа,өткенге,
Оралмас қайтып бұл көктем,
Жасыңды көл ғып төксең де,
-
- Габриэль Гарсиа Маркес
- Альфред Адлер
- Альфред Адлер
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі