Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (7) Өлеңдер (12) Мақал-мәтелдер (3) Ұлағатты сөздер (5)

Жарыма

Адал жарым,нәзігім маxабатым
Мен үшін қымбат әр бір сөз жазған xатың
Жүректерді тексеретін құрал болса
Әуелі Алла,ата-анам сенің атың

Толық

Алғашқы сынақ

Мендегі жас көңілде,
Гүлдеп жатса бақ әсем.
Ғашықтықты өмірге,
Үйреткенсің аға сен.

Толық

Адамға өмір сынақ

Өмір-өзен жылжып өтіп барады,
Біреуге жай, біреуге тез ағады.
Байқамайды, бірақ, шіркін адамдар,
Уақыт қалай жылдам өтіп барады.

Толық

Өмір — бір күн

Ей, Тағдыр, тағы мені сынадың ба,
Онсыз да жүрмін Алла сынағында.
Пешенеме жазылған пәруана-жыл,
Құладым ба, ая деп, жыладым ба?

Толық

Сынақ

Кеше ғана бүршік жарып, гүл атқан,
Қазақ жері өтіп жатыр сынақтан.
Қанша кісі төсегіне таңылған,
Жаратқаннан жәрдем сұрап, жалынған.

Толық

Өмір – сынақ, өмір – сабақ, әрине

Өмір – сынақ, өмір – сабақ, әрине,
Оқисың да тоқисың ғой бәрін де.
Мың мехнат, мың машақат жатады
Сол оқу мен сол тоқудың мәнінде.

Толық

Күйіп­-піспе

Күйкілікке күйіп­піспе,
Күйіп­піссең – біткенің.
Күліп қара, күле білсең,
Бір жеңіске жеткенің.

Толық

Түсінем сенің қамыққан күйің

Түсінем сенің қамыққан күйің,
Жалыққан миың шаршаған.
Күте де күте зарыққан қиын,
Күтумен өткен қанша адам.

Толық

Сынақ

Ойланасың, күрсінесің, жылайсың,
Қайта келмес өміріңді қимайсың.
Сол қайғымен арпалысып жүріп-ақ
Өз-өзіңді жегідей жеп қинайсың.

Толық

Сынақ

Өмір үшін сан-сынақпен күресім бар,
Әр ауырда өзіндік бір үйлесім бар.
Бүгін қиын болғанымен, білем ертең,
Жақсылықтан алатұғын үлесім бар!

Толық

Сынақ

Өмір – ұласқан сынақ,
Басталады қаз басқаныңнан.
Сүріне-жығыла жүріп,
Дүниеге көз ашқаныңнан,

Толық

Дос

Айналаң жан жолдас,жақындарың,
Мәңгілік деп ойлайсың бұның бәрін.
Сыналар уақытымен бұл достарың,
Көрерсің қиындықта шын тұлғасын.

Толық