Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (38) Өлеңдер (52) Жоспарлар (17) Мақал-мәтелдер (61) Ұлағатты сөздер (60)

Жолдасы көптің – олжасы көп.

Ілмектер: достық

Әкімнің достығына сеніп болмайды.

Ілмектер: әкім, достық

Жолдастының жолы кең.

Ілмектер: достық

Жігіт жолдасынан белгілі.

Ілмектер: достық

Жолдасын тастаған – жолда қалар.

Ілмектер: достық

Досыңды мақтағаның - өзіңді жақтағаның.

Ілмектер: достық

Ағаш тамырымен,
Адам досымен мықты.

Ілмектер: достық

Жаман жолдастан мықты таяқ артық.

Ілмектер: жолдас, достық

Қимас досың сұраса, қимасыңды бергейсің.

Ілмектер: достық

Жақсымен жолдас болсаң,
Жетерсің мұратқа.
Жаманмен жолдас болсаң,
Қаларсың ұятқа.

Ілмектер: достық, қазақ мақалы

Айтулы достың малы бір,
Кемедегінің жаны бір.

Ілмектер: дос, достық, жан, кеме

Ерегескен ел болмайды,
Есептескен дос болмайды.

Ілмектер: достық

Жолдасың жаман болса,
Алыс жүріп түн қатпа.
Қатының жаман болса,
Кісі алдында тіл қатпа.

Ілмектер: достық

Темірдің бір басы ыстық,
Бір басы суық.

Ілмектер: достық

Жолдасты жол айырады.

Ілмектер: достық

Ай көрмесең туысың жат,
Жыл көрмесең жолдасың жат.

Ілмектер: достық, қазақ мақалы

Досы жоқ адам – тұзы жоқ тағам.

Ілмектер: достық

Досың ауырса, ыңқылда.

Ілмектер: жос, ауру, достық

Құс қанатымен,
Ер жолдасымен.

Ілмектер: достық

Заттың жаңасы жақсы,
Достың ескісі жақсы.

Ілмектер: достық

Пікірлер