Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (120) Өлеңдер (19) Жоспарлар (42) Мақал-мәтелдер (96) Ұлағатты сөздер (22)

Өз жұрттың - күншіл,
Нағашы жұрттың – сыншыл,
Қайың жұрттың міншіл келеді.

Ілмектер: жұрт, нағашы, отбасы, туыс, жанұя

Қартың болса, жазып қойған хатпен тең.

Ілмектер: қарт, хат, отбасы, туыс, жанұя

Немере етін жеп, сүйегін қалдырады.

Ілмектер: немере, сүйек, ет, отбасы, туыс, жанұя

Өз балаңды өскенше бағасың,
Немереңді өлгенше бағасың.

Ілмектер: бала, немере, отбасы, туыс, жанұя

Еркек сергек ұйықтаса, ырыс бітеді,
Әйел сергек ұйықтаса, жұмыс бітеді.

Ілмектер: еркек, әйел, ырыс, жұмыс, отбасы, туыс, жанұя

Ұлың өссе, ұлы жақсы мен ауылдас бол
Қызың өссе,қызы жақсымен ауылдас бол.

Ілмектер: ұл, қыз, отбасы, туыс, жанұя

Келінің жаман болса, ұлыңнан көр.
Күйеуің жаман болса, қызыңнан көр.

Ілмектер: келін, күйеу, ұл, қыз, отбасы, туыс, жанұя

Қарындасқа бұрмағанның қары сынсын.

Ілмектер: туыс, ағайын, отбасы, жанұя

Торғай жаңбыр жауса баласын қорғар,
Бұршақ жауса, басын қорғар.

Ілмектер: торғай, жаңбыр, бұршақ, отбасы, туыс, жанұя

Қапияда қатын ақыл табады.

Ілмектер: қатын, ақыл, отбасы

Ата – анадан жар жақын.

Ілмектер: ата-ана, отбасы

Жақсының басына іс түссе,
Отбасына білдірмейді.
Жаманның басына іс түссе,
Отбасын күлдірмейді.

Ілмектер: жақсы, жаман, отбасы

Інісі бардың тынысы бар,
Ағасы бардың жағасы бар.

Ілмектер: іні, аға, отбасы, туыс, жанұя

Отан - қуат,
Отбасы - шуақ.

Ілмектер: отан, отбасы

Бала – бауыр етің.

Ілмектер: бала, отбасы, туыс, жанұя

Пікірлер