Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (26) Өлеңдер (53) Жоспарлар (8) Мақал-мәтелдер (437) Ұлағатты сөздер (229) Әзіл, анекдоттар (1)

Көрген көзіме сенемін бе,
Сенің айтқан сөзіңе сенемін бе.

Ілмектер: сөз

Көліне қарай — қазы,
Заманына қарай — сазы.

Ілмектер: заман, сөз, тіл

Кесір сөзде — қырсық көп,
Кесір адамда — тыртық көп.

Ілмектер: кесір, сөз, тіл, адам

Жақсының сөзі — шақпақ
Жаманның сөзі — тоқпақ.

Ілмектер: жақсы, жаман, тіл, сөз

Көзге айтқанның айыбы жоқ.

Ілмектер: сөз, тіл

Ала сөйлеп, ұлыққа жаққанша,
Адал сөйлеп, жұртқа жақ.

Ілмектер: адал, сөз, тіл

Жақсының сөзі
Өлшеп, пішкендей,
Жаманның сөзі
Түйеден түскендей.

Ілмектер: жақсы, жаман, сөз, тіл

Орақты ора білмесең,
Қолыңды кесерсің
Сөзіңді сөйлей білмесең,
Жолыңды кесерсің.

Ілмектер: сөз, тіл

Жатып сөйлеген
Жігітке жараспайды.

Ілмектер: жігіт, сөз, тіл

Сөйлей білмеген кісіден,
Үре білген ит артық.

Ілмектер: ит, кісі, сөз, тіл

Жол жайын білмесең,
Жүргеннен сұра.
Сөз жайын білмесең,
Білгеннен сұра.

Ілмектер: сөз, тіл

Тамақты асығып ішпе
Түйілерсің.
Сөзді асығыс сөйлеме,
Күйінерсің.

Ілмектер: тамақ, асығу, сөз, тіл

Тіл алмасқа сөз айтсаң,
Адам таппас жауап айтар.

Ілмектер: тіл, сөз

Жорытсаң, жол аларсың,
Жолықсаң — сөз аларсың.

Ілмектер: сөз, тіл

Қолың ұста болсын,
Сөзің қысқа болсын!

Ілмектер: сөз, тіл

Ажал келмей жан шықпас,
Қысыр сөзден мән шықпас.

Ілмектер: ажал, сөз, тіл

Тез қасында қисық ағаш жатпас,
Бек қасында бейбақ сөз айтпас.

Ілмектер: сөз, тіл

Өлеңді қосылып айтқан жақсы,
Сөзді тосып айтқан жақсы.

Ілмектер: сөз, өлең

Байламсыз сөз
Баусыз — шелек.

Ілмектер: сөз, тіл

Найзалассаң найзалас,
Тіл найзаңмен түйреме
Тіл найзаңа түйреп ап,
Олай-бұлай сүйреме.

Ілмектер: тіл, сөз