Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (16) Өлеңдер (13) Жоспарлар (7) Мақал-мәтелдер (38) Ұлағатты сөздер (62)

Өзінің түйедей мінін көрмей,
Біреудің түймедей мінін көрер.

Ілмектер: мін, адалдық, адамгершілік, ізгілік, ынтымақ

Өзім білем өрге апармас.

Ілмектер: адалдық, адамгершілік, ізгілік, ынтымақ, менмендік

Ақкөңілден арамдық шықпас,
Арамдық шықса да жамандық шықпас.

Ілмектер: адалдық, адамгершілік, ізгілік, ынтымақ, арам, арамдық

Көзіне қарама, сөзіне қара.

Ілмектер: көз, сөз, адалдық, адамгершілік, ізгілік, ынтымақ

Қолы жетпеген кәріп.

Ілмектер: қол, кәріп, адалдық, адамгершілік, ізгілік, ынтымақ

Көкірек байғұс текірек қағар.

Ілмектер: көкірек, адалдық, адамгершілік, ізгілік, ынтымақ

Біреуге деп көр қазба,
Өзің түсерсің.

Ілмектер: көр, адалдық, адамгершілік, ізгілік, ынтымақ

Барамын деп аспа,
Жоқпын деп саспа.

Ілмектер: бар, жоқ, адалдық, адамгершілік, ізгілік, ынтымақ

Нәрсізге назынды айтпа, сағың сынады.
Нәрліге ишарат етсең, айтпай ұғады.

Ілмектер: наз, ишарат, адалдық, адамгершілік, ізгілік, ынтымақ

Адамгершілік абырой әпереді.

Ілмектер: адамгершілік, абырой

Адамның ұяты бетінде,
Адамгершілігі ниетінде.

Ілмектер: адам, адамгершілік, ұят

Адам ұяты бетінде,
Адамгершілігі ниетінде.

Ілмектер: адам, қят, адамгершілік

Адалдық жүрген жерде, адамдық жүреді.

Ілмектер: адалдық, адамгершілік, ізгілік, ынтымақ

Әдеп пен адамгершілік ана тіліңнен нәр алады.

Ілмектер: әдеп, адамгершілік, ана тілі

Ала жіпті аттамағанңың абыройы биік.

Ілмектер: абырой, жіп, адалдық, адамгершілік, ізгілік, ынтымақ

Адамды тарлық
Шынықтырады.
Адамгершілікті барлық
Ұмыттырады.

Ілмектер: адам, адамгершілік

Арақпен достастым дегенше, адамгершілікпен қоштастым де.

Ілмектер: арақ, адамгершілік, дос

Адамшылық деген ұлы сөзді айта бергеннен көрсете берген жақсырақ.

Ілмектер: Адамшылық, адамгершілік