Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (48) Өлеңдер (93) Жоспарлар (6) Мақал-мәтелдер (479) Ұлағатты сөздер (847)

Асы бар қазан сүйкімді,
Досы бар адам сүйкімді.

Ілмектер: адам, дос

Бір адам — самал,
Екі адам — амал,
Үш адам — жамал,
Төрт адам— қамал.

Ілмектер: адам

Желауыз адамға, сыр айтпа,
Жебір ауыз адамға, мұң тайпа.

Ілмектер: адам, сыр

Қайырсыз адам болмаса да,
Қайғысыз адам болмас.

Ілмектер: қайғы, адам

Данышпаныңды сөксең де, қор болмайды,
Дәлдірді көтерсең де, зор болмайды.

Ілмектер: данышпан, адам

Оқтың да жарасынан аман қалған,
Қоңыздың шаққанына арандаған.

Ілмектер: адам

Басқаның бейбақтығына қуанба, бақыттылығына қуан.

Ілмектер: бақыт, адам

Жаман арба жол бұзар,
Жаман адам ел бұзар.

Ілмектер: жаман, адам

Топас адам – тобашыл,
Жаман адам – табашыл.

Ілмектер: адам

Сұм сипап отырып шымшиды.

Ілмектер: сұм, адам

Жабағы тайдың тері ащы,
Жаман адамның тілі ащы.

Ілмектер: жаман, адам, тіл

Сөйлей білмес жаманның,
Сөзі өтпес бір пышақ.
Сөз білетін адамның
Әр сөзіне бір тұсақ.

Ілмектер: жаман, адам, сөз

Наданға жалынғанша,
Адамға жалын:
Надан жолыңды тосады,
Адам қатарға қосады.

Ілмектер: надан, адам

Жаман адам төршіл.

Ілмектер: жаман, адам

Жақсы адам туса —
Көптің ырысы,
Жазғы жаңбыр жауса,
Көктің ырысы.

Ілмектер: ырыс, адам

Жақсы адам жолына
Жол азық қалдырады.
Жаман адам жолыңа
Ор қазып қалдырады.

Ілмектер: жақсы, жаман, адам

Жаман адам кетсе,
Дүние кеңіп қалғандай болады.
Жақсы адам кетсе,
Дүние кеміп қалғандай болады.

Ілмектер: жаман, жақсы, адам

Тұлпар дүлдүлдігімен,
Адам білгірлігімен.

Ілмектер: адам

Асыл туған адамның
Алтын жетпес нарқы бар.
Жақсы менен жаманның
Аспан мен жердей парқы бар.

Ілмектер: жақсы, жаман, адам, мінез-құлық

Адамның көңілі
Бір атым насыбайдан қалады.

Ілмектер: адам, көңіл, мінез-құлық