Эссе және өлең-жыр байқауы

Ілмек бойынша іздеу


Өлеңдер (2) Мақал-мәтелдер (13) Ұлағатты сөздер (4)

Өзгені айыптағаныңдай өзіңді айыпта, өзіңді кешіргеніңдей басқаларды кешір.

Ілмектер: кешірім, айып, қытай даналығы, қытай мақалы

Кешіру – айыпты өшіру.

Ілмектер: кешіру, кешірім, айып, араб мақалы

Кімді кім басқаның айыбын саған айтса,
Сенің айыбыңды басқаға айтады.

Ілмектер: айып

Жоқшылық та – мың айып.

Ілмектер: жоқшылық, айып, парсы мақалы

Жоқшылық – айып емес.

Ілмектер: жоқшылық, айып, парсы мақалы

Өз айыбын – буға,
Өзгенікін тауға теңейді.

Ілмектер: айып, тау, ауған елінің мақалы, ауған мақалы

Айтып қылған істің айыбы жоқ.

Ілмектер: айып, іс, қырғыз мақалы

Ұрысы күшті болса, иесі айыпты болады.

Ілмектер: ұрыс, айып, қырғыз мақалы

Адам баласы айыпсыз болмас.

Ілмектер: адам, айып

Ақылды ер адамнан айып іздемейді,
Өнер іздейді.

Ілмектер: өнер, ақыл, адам, ер, айып, іздеу

Ашылғанның айыбы жоқ,
Өзі біліп жапқан соң.

Ілмектер: айып, жабу

Әкім болсаң, қызметші ал,
Ол — сенің аяғың, аяғыңның айыбына көз боп жүр.

Ілмектер: әкім, қызметші, айып

Әр айып сайын бас кесілсе,
Дүниеде тірі жан қалмас.

Ілмектер: айып, бас, кесу, дүние, тірі, жан

Жүктелуде...