Ілмек бойынша іздеу


Өлеңдер (2) Мақал-мәтелдер (15) Ұлағатты сөздер (2)

Өлім деген - ұзақ жолдың алысы.

Ілмектер: өлім, жол, алыс

Көрінген таудың алыстығы жоқ.

Ілмектер: тау, алыс

Алыстағыңа сыйын,
Жақындағыңа сүйен.

Ілмектер: жақын, алыс

Көпті көрген біледі,
Алысты жүрген біледі.

Ілмектер: алыс, көпшілік

Барар жердің алыстығы жоқ,
Керек тастың ауырлығы жоқ.

Ілмектер: алыс, ауыр, қажет

Қарыстың алыстығы бар,
Сүйемнің жақындығы бар.

Ілмектер: алыс, жақын

Алыстағы дәриядан
Алдында жатқан қақ артық.
Төскейдегі тұлпардан
Жаныңда тұрған жабы артық.

Ілмектер: алыс, артық

Алыстан арбалағанша,
Жақыннан дорбала.

Ілмектер: алыс, жақын, еңбек, нәсіп, кәсіп

Жамандық жақын, жақсылық алыс.

Ілмектер: жақсылық, жамандық, алыс, жақын

Ащы мен тұщыны татқан білер,
Алыс пенен жақынды жортқан білер.

Ілмектер: алыс, жақын, ащы, тұщы

Көрінгеннің алысы жоқ,
Көтергеннің ауыры жоқ.

Ілмектер: алыс, ауыр

Жаманды мақтансын десеңе алысқа жібер.

Ілмектер: жаман, мақтану, алыс

Алыстан көрсең алдырмайсың,
Досыңды жауға қалдырмайсың.

Ілмектер: алыс, дос, жау, соғыс

Алыстың хабарын керуен келтірер.

Ілмектер: алыс, хабар, керуен

Алыстан дабыл сазы хош келеді,
Жақындасың – бос келеді.

Ілмектер: дабыл, саз, алыс, жақын


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)