Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (204) Өлеңдер (334) Жоспарлар (24) Мақал-мәтелдер (85) Ұлағатты сөздер (51) Әзіл, анекдоттар (4)

Баласы жыламаса,
Анасы жұбатпайды.

Ілмектер: жылау, бала, ана, ауған елінің мақалы, ауған мақалы, жұбату

Мысықтың баласы дәл анасындай мияулайды.

Ілмектер: мысық, ана, бала

Анасы ащы алма жесе,
Баласының тісі қақсайды.

Ілмектер: ана, бала, тіс, алма

Атасы бірдің арасындағы араздақ өшпейді,
Анасы бірдің арасындағы татулық көшпейді.

Ілмектер: татулық, араздық, ана, ата

Ананың жаны –
Судың толқыны.

Ілмектер: ана, жан, су, толқын

Анасын көр де,
Қызын ал.

Ілмектер: ана, қыз

Өгей ана міншіл,
Жетім бала кекшіл.

Ілмектер: өгей, ана, жетім, қырғыз мақалы

Қасапшы анасына да сүйек сатады.

Ілмектер: ана, қасапшы, қырғыз мақалы, сүйек

Отан - елдің анасы,
Ел - ердің анасы.

Ілмектер: отан, ер, ел, ана

Бала —
Ананың бауыр еті, көз нұры.

Ілмектер: бала, ана

Ана сүтін ақтамағанды
Ешкім мақтамайды.

Ілмектер: ана, сүт

Отан елдiң анасы,
Ел ердiң анасы.

Ілмектер: отан, ер, ана

Алдырған анасының қойнын ашады.

Ілмектер: ана

Алып анадан туады,
Ат биеден туады.

Ілмектер: алып, ана, бие, ат

Ана сүтіменен көрмесе,
Тана сүтіменен көрмес.

Ілмектер: ана, тана, сүт

Анамда болғанша,
Алғанымда болсын.

Ілмектер: ана, жар

Анасы пысық — жұқпаны жұқа жасар,
Баласы мешкей — қат-қаттап қосып асар.

Ілмектер: ана, пысық, бала, жұқа

Асты келін — аналы келін.

Ілмектер: ана, келін

Ата көрген жол пішер,
Ана көрген тон пішер.

Ілмектер: ата, ана, тон, жол

Ата тұрып сөйлеген баладан без,
Ана тұрып сөйлеген қыздан без.

Ілмектер: ата, ана, бала, тәрбие, қыз, сөйлеу, әдеп