Эссе және өлең-жыр байқауы

Ілмек бойынша іздеу


Мақал-мәтелдер (21) Ұлағатты сөздер (1)

Аларда даусыз өнімді,
Саларда келіс егінді.

Ілмектер: дау, егін, араб мақалы

Әр құжыраның өз шырағы бар.

Ілмектер: шырақ, араб мақалы

Кешіру – айыпты өшіру.

Ілмектер: кешіру, кешірім, айып, араб мақалы

Өмір соңы - өлім.

Ілмектер: өмір, өлім, араб мақалы

Сен маған дабыл боп ұрынсаң да,
Мен сені сырнай боп сергітем.

Ілмектер: дабыл, сырнай, сергіту, араб мақалы

Тіссіз иекке быламық та тиек.

Ілмектер: тіс, иек, быламық, араб мақалы

Көлемі шамалы-ақ,
Ал нарқы ғаламат.

Ілмектер: көлем, нарқы, араб мақалы

Жақыптың өлген ұлына,
Қасқырды тартпа құнына.

Ілмектер: ұл, қасқыр, құн, араб мақалы

Сапарға шықпас бұрын,
Серігіңді сайла;
Үй салмас бұрын,
Көршіңді ойла.

Ілмектер: сапар, серік, үй, көрші, араб мақалы, араб елінің мақалдары

Жасыңда алған білімің,
Тасқа басқан таңбадай.

Ілмектер: білім, тас, Араб мақал-мәтелдері, араб мақалы

Таң атса шам жайына қалады.

Ілмектер: таң, шам, араб мақалы

Жұмыртқаны жегенің
Тауықты құрттым дегенің.

Ілмектер: жұмыртқа, тауық, араб мақалы

Ақылды ісіне сенеді,
Ақымақ түсіне сенеді.

Ілмектер: ақыл, ақымақ, түс, іс, араб мақалы

Сүйексіз тіл сүйекті де сындырар.

Ілмектер: тіл, сөз, араб мақалы

Ұнамсыз сөзді жаратпасаң, өзің де айтпа.

Ілмектер: араб мақалы, сөз

Сөздің тілінен істің тілі шешенірек.

Ілмектер: араб мақалы, сөз, тіл, шешендік

Қымбат сөз қысқа қайырылар.

Ілмектер: араб мақалы, сөз

Тіл үйірер сөз болса,
Тыңдаушы құлақ кез болар.

Ілмектер: араб мақалы, тіл, тыңдаушы

Тыңдамаған бір сөзді
Түсіне алмас мың сөзді.

Ілмектер: араб мақалы, сөз

Тәтті сөз қатты таяқты қақ бөлер.

Ілмектер: араб мақалы, сөз