Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақал-мәтелдер (213) Ұлағатты сөздер (2)

Шын ұнатсаң,
Басқасын қаламассың.
Шын ұйықтасаң,
Тасқа да қарамассың.

Ілмектер: шын, ұйқы, ауған елінің мақалы, ауған мақалы

Пияз да болса, назы болсын.

Ілмектер: пияз, ауған елінің мақалы, ауған мақалы

Думанның болатыны болжам емес.

Ілмектер: думан, болжам, ауған елінің мақалы, ауған мақалы

Қызық тарқаған соң қынаңды алып таста.

Ілмектер: қызық, қына, ауған елінің мақалы, ауған мақалы

Мен, тіпті, жатқан сиырды да сипаған емеспін.

Ілмектер: сиыр, сипау, ауған елінің мақалы, ауған мақалы

Жүрегім жүрексінсе,
Қалшылдайды да, тоңады.

Ілмектер: жүрек, ауған елінің мақалы, ауған мақалы

Мойнындағы қарыздан қой да өледі.

Ілмектер: қарыз, қой, ауған елінің мақалы, ауған мақалы

Немере ағаң –
Жең ішіндегі жылан.

Ілмектер: немере, аға, туыс, ауған елінің мақалы, ауған мақалы

Сабанның астына су жібер.

Ілмектер: су, сабан, ауған елінің мақалы, ауған мақалы

«Мойның неге қисық?» десе түйеге:
«Түзу нәрсе пешенеме тие ме?» депті.

Ілмектер: түйе, қисық, пешене, ауған елінің мақалы, ауған мақалы

Тілі – тәтті,
Діні – қатты.

Ілмектер: тіл, дін, тәтті, қатты, ауған елінің мақалы, ауған мақалы

Суға кетуші жаңқаға жармасады.

Ілмектер: су, жаңқа, ауған елінің мақалы, ауған мақалы

Бұлақ басынан былғанады.

Ілмектер: бұлақ, былғану, ауған елінің мақалы, ауған мақалы

Сұйық айранды судай сапырды.

Ілмектер: айран, сұйық, ауған елінің мақалы, ауған мақалы

Тағдырға жазылған өзгермейді.

Ілмектер: тағдыр, ауған елінің мақалы, ауған мақалы

Патай жесең, бұлақтың басына барып отыр.

(Патай — бұрыш қосқан тағам)

Ілмектер: тамақ, бұлақ, ауған елінің мақалы, ауған мақалы

Сұлу туыстың да сұмпайы аяғы бар.

Ілмектер: сұлу, туыс, ауған елінің мақалы, ауған мақалы

Түйеге «Ойна!» десең,
Дүниенің ойранын шығарады.

Ілмектер: түйе, ойран, дүние, ауған елінің мақалы, ауған мақалы

Ініне кіре алмай жүріп, тышқан құйрығына сыпырғыш байлап алыпты.

Ілмектер: ін, тышқан, сыпырғыш, сыпырғы, ауған елінің мақалы, ауған мақалы

Тірі піл жүз мың тұрады,
Өлгеннен соң – екі есе.

Ілмектер: піл, құн, ауған елінің мақалы, ауған мақалы