Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (10) Өлеңдер (6) Мақал-мәтелдер (43) Ұлағатты сөздер (9)

Ел жасымен көрікті.
Тау тасымен көрікті.
Аяқ асымен көрікті.

Ілмектер: тау, ел, аяқ

Аяғы кіші сүйгенін киер,
Аяғы үлкен сыйғанын киер.

Ілмектер: қол өнері, аяқ, кию

Аяқ — арғымақ.
Қол — азамат.
Көз — жанат.
Сөз — қанат.

Ілмектер: сөз, аяқ, қол, көз

Басы қатты болса,
Аяғы тәтті болады.

Ілмектер: бас, аяқ, қатты, тәтті

Көп жорытқан жылан, аяғын көрсетер.

Ілмектер: жылан, аяқ, сақтық, қырағылық

Баста мый жоқ болса,
Екі аяққа күш түсер.

Ілмектер: бас, мый, аяқ, күш, ақымақ

Жүрген аяққа жүргем ілінеді.

Ілмектер: тәлім, тағлым, тәрбие, аяқ

Баста ми жоқ болса, екі аяққа күш келер.

Ілмектер: ми, аяқ

Арыстан айға шабамын деп,
Артқы аяғы мерт болыпты.

Ілмектер: әл, арыстан, аяқ, мерт, ай

Қу аяққа бата тұрмас.

Ілмектер: бата, аяқ

Ат аяғын тай басар.

Ілмектер: ат, аяқ, тай

Екі аяқ қымыздың бір аяқ желі бар.

Ілмектер: аяқ, қымыз

Бестің басы болғаншы,
Алтының аяғы бол.

Ілмектер: бес, алты, сан, бас, аяқ

Дарға аяғынан сүйреген адамдай.

Ілмектер: дар, аяқ, адам, парсы мақалы

Жүрек тілесе жүрдек аяқ жүгірер.

Ілмектер: жүрек, тілек, аяқ, ауған елінің мақалы, ауған мақалы

Екі аяққа қарызданып,
Тағы екі аяқ жалғады.

Ілмектер: қарыз, аяқ, ауған елінің мақалы, ауған мақалы

Аяғыңның ұшына да қара,
Аллаңның тұсына да қара.

Ілмектер: аяқ, Алла, ауған елінің мақалы, ауған мақалы

Шоқай кисе, аяқ ауырмайды.
Тоқым жапса, ат жауыр болмайды.

Ілмектер: шоқай, тоқым, ат, аяқ, ауру

Өгіздің аяғы болғанша,
Бұзаудың басы бол.

Ілмектер: өгіз, бұзау, бас, аяқ

Ақылсыз бас екі аяқты зорлайды.

Ілмектер: ақыл, аяқ