Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (3) Өлеңдер (15) Мақал-мәтелдер (102) Ұлағатты сөздер (18) Әзіл, анекдоттар (1)

Ерге жаттың тізесі батса,
Ағайыншыл болады.

Ілмектер: ағайын, туыс

Туман туысқандай болмайды,
Тұрман құйысқандай болмайды.

Ілмектер: туыс, ағайын

Арық деген жаман тай,
Жазға шығып ат болар.
Жамандығың сезілсе,
Жақын кісі жат болар.

Ілмектер: жат, ағайын, туыс, ат

Төбелеске бергісіз араша бар,
Ағайынға бергісіз жанаса бар.

Ілмектер: төбелес, туыс, ағайын

Жеткіншектен айырылған,
Жер таянбай тұрмайды.

Ілмектер: ағайын, отбасы, жанұя

Көлденең кісі көңілге қарамайды.

Ілмектер: туыс, ағайын, көңіл

Сыйынғаныңнан сүйенгенің күшті болсын.

Ілмектер: сыйластық, сүйген, туыс, ағайын

Танымас, танымасын сыйламас.

Ілмектер: туыс, ағайын, сыйластық

Ағайында алтау болсаң, адам тимейді,
Тура жүрсең, лебізің күймейді.

Ілмектер: ағайын, туыс, татулық, ынтымақ

"Сіз", "біз" - деген жылы сөз,
Ағайынға жарасар.

Ілмектер: ағайын, туыс

Қарындасқа бұрмағанның қары сынсын.

Ілмектер: туыс, ағайын, отбасы, жанұя

Көсеу ұзын болса, қолың күймес
Ағайының көп болса адам тимес.

Ілмектер: ағайын, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар

Арғымақты жамандап, кәні, тұлпар тапқаның,
Ағайынды жамандап, кәні, туған тапқаның.

Ілмектер: ағайын, туған, туыс, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар

Ағайын - ащы,
Мал -тұщы.

Ілмектер: ағайын, мал, ащы, тұщы

Артқы айылдың басқанын иесі білмес, ат білер,
Ағайынның азғанын жақын білмес, жат білер.

Ілмектер: ағайын, ат, азғындық, жат

Бар болсаң ағайының көре алмайды,
Жоқ болсаң "мә, саған" деп бере алмайды.

Ілмектер: ағайын, көре алмаушылық

Ағайынға қадірім жоқ бетімді көреді,
Қатыныма қадірім жоқ етімді көреді.

Ілмектер: ағайын, қадір, бет, қатын

Төске айылдың батқанын
Иесі білмес, аты білер;
Ер жігіттің қадірін
Ағайын білмес, жат білер.

Ілмектер: ағайын, ер, жігіт, қадір

Ағайынды болсаң да,
Ажалды екеніңді ұмытпа.

Ілмектер: ажал, ағайын, ауған елінің мақалы, ауған мақалы

Ауруын жасырған өледі.
Ағайынын жасырған бүлінеді.

Ілмектер: ауру, ағайын, жасыру, қырғыз мақалы