Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (3) Өлеңдер (15) Мақал-мәтелдер (102) Ұлағатты сөздер (18) Әзіл, анекдоттар (1)

Ағайын — ащы, мал — тұщы.

Ілмектер: ағайын, мал

Ағайын-туған кімде жоқ,
Сыйласпа, жаттай жоқ.

Ілмектер: ағайын, туыс, сыйласу, қырғыз мақалы

Аға — алғанша,
Жеңге — жегенше.

Ілмектер: аға, жеңге, туыс, ағайын

Бетің қисық болса,
Айнаға өкпелеме!
Ниетің қисық болса,
Ағайынға өкпелеме.

Ілмектер: ниет, ағайын, туыс

Жақыныңды жаттай сыйла,
Жат жанынан түңілсін.

Ілмектер: жат, туыс, ағайын

Ағайын тату болса – ат көп,
Абысын тату болса – ас көп.

Ілмектер: ағайын, ынтымақ

Ағайын алыста болса, кісінесер,
Жақында болса, тістесер.

Ілмектер: ағайын, туыс, жақын

Ағайын ащы, мал тұщы.

Ілмектер: ағайын, мал, ащы, тұщы

Ағайын бар болсаң, көре алмайды,
Жоқ болсаң, бере алмайды.

Ілмектер: ағайын, көре алмаушылық

«Ағайын!» десе, аң қарадық,
«Қайын» десе, тез қарадық.

Ілмектер: ағайын, туыс, қайын жұрт, қайын

Ағайынға қадірің болмас,
Күнде бетіңді көреді.
Әйелге қадірің болмас,
Етіңді көреді.

Ілмектер: ағайын, туыс, әйел, қадір

Ағайынды алқалап құрмет көрсет.

Ілмектер: ағайын, құрмет

Ағайынды қарындас, жең үшінен жалғасыңдар.

Ілмектер: ағайын, қарындас, туыс

Ағайынның ұрысы — торқаның жыртысы.

Ілмектер: ағайын, ұрыс

Арғымағың жамандап,
Кәні, бұдан тапқаның.
Ағайынды жамандап,
Кәні, туған тапқаның.

Ілмектер: арғымақ, жамандау, ағайын, табу

Бар ағайын асырай алмайды,
Жоқ ағайын көре алмайды.

Ілмектер: ағайын, көре алмаушылық

Бедері жоқ қамқадан,
Бек тоқыған бөз жақсы,
Бейкемі жоқ туғаннан
Бек сөйлескен сөз жақсы.

Ілмектер: туыс, ағайын

Ата-ананың қадірін
Балалы болғанда білерсің;
Ағайынның қадірін
Жалалы болғанда білерсің.

Ілмектер: ата-ана, бала, ағайын, туыс

Ардагер аға алдыңда тұрсын,
Әдепті іні артыңда тұрсын.

Ілмектер: туған, ағайын, туыс

Түбі бірге тебісер де табысар.
Түбі бірге түнекте де табысар.

Ілмектер: туыс, ағайын, туған, Түбі бір, бірге