Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (23) Өлеңдер (25) Мақал-мәтелдер (50) Ұлағатты сөздер (11) Әзіл, анекдоттар (2)

Жаман ағаштың жемісі де кеміс.

Ілмектер: жаман, ағаш, жеміс, парсы мақалы

Ағаш ат аяңдамайды.

Ілмектер: ағаш, ат, парсы мақалы

Дар да – ағаштан,
Мінбар да ағаштан жасалады.

Ілмектер: дар, мінбар, ағаш, парсы мақалы

Ағаштың құрты –
Ағашты құртты.

Ілмектер: ағаш, құрт, парсы мақалы

Талдың жұмсақтығы өзіне жарасар,
Қайыңның қаттылығы өзіне жарасар.

Ілмектер: тал, ағаш, жұмсақ, қатты

Ағаш шешінгенде,
Адам киінер.

Ілмектер: ағаш, адам

Қанатсыз құс –
Жапырақсыз ағаш.

Ілмектер: құс, ағаш, жапырақ, қанат

Ағашқа мәуе біткен сайын, төмен салбырайды.

Ілмектер: ағаш, қырғыз мақалы

Асылсаң,
Асыл ағашқа асыл.

Ілмектер: ағаш, қырғыз мақалы

Бір тал кессең,
Он тал ек.

Ілмектер: тал, ағаш

Жаңбыр бір жауса,
Терек екі жуады.

Ілмектер: жаңбыр, ағаш, терек, жыл мезгілдері, табиғат, табиғат құбылыстары

Ағаш екпей жеміс бермес,
Іс бітпей жеңіс келмес.

Ілмектер: ағаш, жеміс, іс, жеңіс

Алма ағашынан алыс түспейді.

Ілмектер: алма, ағаш

Ағаш басына жел тиер,
Көрікті кісіге сөз тиер.

Ілмектер: ағаш, көрік, сөз, жел

Ағаш біткенді жүкті қылатын—жел.

Ілмектер: ағаш, жел, табиғат

Ағаш қамшы көп болар,
Аттанар күні жоқ болар.

Ілмектер: ағаш, қамшы

Ағаш бір жерде көгереді.

Ілмектер: ағаш, жер

Ағашқа науа біткен сайын,
Бәсең болмақ керек.

Ілмектер: ағаш

Ағаштың жемісін жеймін десең,
Түбіне балта шаппа.

Ілмектер: ағаш, жеміс, балта

Ақылсыз адам мәуесіз ағаш секілді.

Ілмектер: ақыл, адам, ағаш, мәуе