Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (29) Өлеңдер (49) Мақал-мәтелдер (279) Ұлағатты сөздер (300) Әзіл, анекдоттар (2)

Көп ақымақтың ағасы болғанша, аз ақылдының інісі бол.

Ілмектер: аға, іні, ақыл

Кенеуі жоқ кеудеге - сылдыратып сөз береді,
Ақылсыз басқа - бадырайтып көз береді.

Ілмектер: ақыл, сөз, көз

Ер ақылы – бір алтын, ел ақылы – жүз алтын.

Ілмектер: ер, ақыл, ел

Ақылсыз достан мың сақтан,
Ақылсыз дұшпаннан жүз сақтан.

Ілмектер: ақыл, дос, дұшпан, сақтық, қырағылық

Есер ақылы түстен кейін кіреді.

Ілмектер: ақыл

Ақылдыға ишарат,
Ақымаққа таяқ.

Ілмектер: ақыл, ақымақ, ақылды, таяқ

Мал кедейлігінен, ақыл кедейлігі жаман.

Ілмектер: мал, кедей, ақыл

Ақылы жоқ басқа, адырайған көз бітеді.
Дуасы жоқ ауызға, судыраған сөз бітеді.

Ілмектер: ақыл, бас, көз, сөз

Өз ақылын шамалаған қор болмас.

Ілмектер: ақыл

Ашу арындайды,
Ақыл соңынан аяндайды.

Ілмектер: ашу, ақыл

Ашу тұрған жерде, ақыл тұрмас.

Ілмектер: ашу, ақыл

Көргеннен көз ақы алады.

Ілмектер: көз, ақыл

Ақылдан ашу көп болса, ақыл кетер,
Ашудан ақыл көп болса, ашу не етер.

Ілмектер: ақыл, ашу

Кірмей тұрып, шығарыңды ойла.

Ілмектер: ой, ақыл

Сыртын көріп ішінен түңілме.

Ілмектер: сырт, іш, ақыл

Қайтып келер есікті қатты серіппе.

Ілмектер: есік, ашу, ақыл

Ақылдының белгісі байыса аспайды,
Дәрежесіне таспайды.

Ілмектер: ақыл, байлық

Ақыл — жас ұланнан,
Жүйрік — тай құнаннан.

Ілмектер: ақыл, жас, жүйрік, құнан, тай

Ақылдассаң шешерсің,
Ақылдаспасаң кем кесерсің.

Ілмектер: ақыл, ақылдасу

Бойымдай бой табылса да,
Ойымдай ой табылмас.

Ілмектер: ой, бой, ақыл