Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (257) Өлеңдер (181) Жоспарлар (22) Мақал-мәтелдер (260) Ұлағатты сөздер (193) Әзіл, анекдоттар (16)

Бір бала, атаға жете туады,
Бір бала, атадан өте туады,
Бір бала, кейін қарай кете туады.

Ілмектер: бала, ата

Жалғыз баласы бардың
Шығар-шықпас жаны бар.
Екі баласы бардың,
Өкпе, бауыр, жалы бар.
Үш баласы бардың
Бұқарада пұлы бар.

Ілмектер: бала, жалғыз, жан

Көргенсіз бала — көкірек,
Өнерсіз бала — өкірек.

Ілмектер: көргенсіз, бала

Ерке бала — екі жылар.

Ілмектер: ерке, бала

Ат болар тай саяққа үйір,
Адам болар бала қонаққа үйір.

Ілмектер: адам, бала, қонақ

Үй баласымен базарлы,
Қонағымен ажарлы.

Ілмектер: үй, бала, қонақ

Қамшыға бүлдіргі
Балаға үлгі керек.

Ілмектер: бала, үлгі

Болар бала
Бесігіңде бұлқынар.
Болар құлын
Желісіңде жұлқынар.

Ілмектер: бала

Көргендінің баласы,
Жөргемді келеді.

Ілмектер: бала

Құс балапаны үшін тұзаққа түседі,
Адам баласы үшін азапқа түседі.

Ілмектер: адам, бала, тұзақ, азап

Бала жетіге келгенше
Жерден таяқ жейді.

Ілмектер: бала

Өкпелегіш балақай
Өз сыбағасынан құр қалар.

Ілмектер: бала, балақай, өкпелегіш

Ағадағы мал — аспандағы мал,
Інідегі мал — ін түбіндегі мал,
Баладағы мал — даладағы мал.

Ілмектер: аға, іні, бала, дала, мал

Кіші баланың ұятын
Үлкен бала көтереді.

Ілмектер: кіші, үлкен, бала

Бала ішегін
Шұбатып жүріп ойнайды.

Ілмектер: бала

Қызың кер әдеп болса — қорлық,
Балаң бейәдеп болса — қорлық.

Ілмектер: қыз, бала, қорлық

Жылайын деген баланың
Үш күн бұрын көзі қышиды.

Ілмектер: жылау, бала, көз

Алты жасар бала атқа мінсе,
Алпыстағы шал
Алдынан шығып атын ұстар.

Ілмектер: бала, ат, шал

Бала — қымбат,
Немере — ыстық.

Ілмектер: бала, немере

Артында баласы қалса —
Көзі қалды де,
Артында сөзі қалса —
Өзі қалды де.

Ілмектер: бала, сөз, тіл