Эссе және өлең-жыр байқауы

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (19) Өлеңдер (6) Мақал-мәтелдер (14) Ұлағатты сөздер (3) Әзіл, анекдоттар (1)

Жар құласа, жайын өледі.

Ілмектер: балық

Су басынан тынады,
Балық басынан шіриді.

Ілмектер: су, шіру, балық

Қазан ұстаған
Қазан жалайды,
Сазан ұстаған
Қылтанақ санайды.

Ілмектер: ыдыс, балық

Балықта бата жоқ,
Итте ата жоқ.

Ілмектер: балық, ата, бата, ит

Бақа батпағына, балық көліне

Ілмектер: бақа, балық, туған жер

Балығы жоқ хауызға,
Бақа ілінер ауызға.

Ілмектер: балық, бақа, парсы мақалы

Теңіздегі балықты бас-басына бөлісу.

Ілмектер: теңіз, балық, парсы мақалы

Бақыраш сайын балық асылмас.

Ілмектер: балық, ауған елінің мақалы, ауған мақалы

Балық жегің келсе, балағыңды түр.

Ілмектер: балық, ауған елінің мақалы, ауған мақалы

Балықтың өзі суда,
Көзі сыртта.

Ілмектер: балық, су

Қайыр ет те, теңізге өт:
Халық білмесе,
Балық білер.

Ілмектер: қайыр, халық, балық

Балық жаны суда.

Ілмектер: балық

Бақа көлінде патша,
Балық суында патша,
Жігіт елінде патша.

Ілмектер: бақа, балық, патша

Ажалсыз балық құрғақ жерде де өлмейді.

Ілмектер: ажал, балық, өлім