Ілмек бойынша іздеу


Мақал-мәтелдер (9)

Түбін білмеген түгін білмейді.

Ілмектер: білмеу

Білген кісі тауып айтады,
Білмеген кісі қауып айтады.

Ілмектер: білу, білмеу, айту

Көрмеген көлде
Білмеген құстың
Даусы естіледі.

Ілмектер: білмеу

Жегенін білмейтін шұнай,
Жұтқанын білмейтін құмай,
Алғанын білмейтін құдай.

Ілмектер: білмеу

Сұрау - бір минуттық ұят, ал білмеу - өмірдің соңына дейін - ұят.

Ілмектер: Жапон даналығы, ұят, білмеу, сұрау

Отты жаға білмеген
Пықсытады.
Шөпті шаба білмеген
Қоқсытады.

Ілмектер: от, шөп, білмеу

Білсе - барымта,
Білмесе - сырымта.

Ілмектер: білу, білмеу, барымта

Байқамай тұрып – килікпе,
Білмей тұрып – ентікпе.

Ілмектер: білмеу, қырғыз мақалы

Білмеу - ұят емес,
Үйренбеу - ұят!

Ілмектер: білмеу, Үйренбеу, ұят, түрік мақалы


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)