Эссе және өлең-жыр байқауы

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (2) Өлеңдер (1) Мақал-мәтелдер (13) Ұлағатты сөздер (12)

Адам жүрген жермен адам жүреді,
Біреу білмегенді біреу біледі.

Ілмектер: адам, жүрі, білу

Білген кісі тауып айтады,
Білмеген кісі қауып айтады.

Ілмектер: білу, білмеу, айту

Құстың жайын салған білер,
Құдықтың жайын қазған білер.

Ілмектер: білу, қазу

Адасқанның
Артындағысы біледі.
Жаңылғанның
Жанындағысы біледі.

Ілмектер: білу

«Көп біледі» деген күледі,
Өзім білем деген өледі.

Ілмектер: білу

Көп білсең де,
Көптен артық білмейсің.

Ілмектер: ел, халық, көпшілік, білу

Білсе - барымта,
Білмесе - сырымта.

Ілмектер: білу, білмеу, барымта

Көп жасаған не білер,
Көп көрген сол білер.

Ілмектер: көру, білу

Қол қолды біледі, шариғат жолды біледі.

Ілмектер: қол, шариғат, жол, білу

Көп жасаған көп білмейді,
Көп кезген көп біледі.

Ілмектер: білу, көру, кезу

Білгеннен көргенің көп,
Көргеннен көрмегенің көп.

Ілмектер: білу, көру

Өзiм бiлем деген жiгiттiң,
Басына ойран салғаны.
Көп бiледi деген жiгiттiң,
Басына қорған салғаны.

Ілмектер: білу, жігіт

Әуелі көріс, сонан соң біліс.

Ілмектер: көрісу, білу