Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (12) Өлеңдер (9) Жоспарлар (2) Мақал-мәтелдер (70) Ұлағатты сөздер (19)

Бірлік болмай – тірлік болмас.

Ілмектер: бірлік, ынтымақ

Әрі жат, бері жат —
Таршылықтың белгісі.
Сен же, мен же —
Баршылықтың белгісі.

Ілмектер: ынтымақ, бірлік, баршылық

Тірліктің күші — бірлікте.

Ілмектер: бірлік, ынтымақ

Береке көзі — бірлікте.

Ілмектер: бірлік

Батылдықты айт, ерлікті айт
Батырлықты айт, бірлікті айт.

Ілмектер: бірлік, ерлік, батылдық

Бірлік білекте емес, жүректе.

Ілмектер: бірлік, батырлық

Елдік түбі — бірлік.

Ілмектер: бірлік, ел

Бірлік қайда болса,
Ерлік сонда.
Еркіндік қайда болса,
Елдік сонда.

Ілмектер: бірлік, ер, ел

Ерлік пен бірлік — егіз.

Ілмектер: ер, бірлік

Ұрыстың мерейі — ерлік,
Ырыстың мерейі — бірлік.

Ілмектер: ер, бірлік

Бөлінгенді бөрі алар,
Ұзағанды ұры алар.

Ілмектер: ұры, бірлік

Кеңеспен пішкен киім кең де болмайды, кем де болмайды.

Ілмектер: бірлік, кеңесу, тон

Кеңеспен пішкен тон
Келте болмас.

Ілмектер: ынтымақ, бірлік, кеңесу, тон

Кеңеспен кескен қол ауырмас.

Ілмектер: ынтымақ, бірлік, қол

Мың қосшыға бір басшы.

Ілмектер: ынтымақ, бірлік

Саяқ жүрсең, таяқ жерсің.

Ілмектер: ынтымақ, бірлік, саяқ

Ынтымақ түбі - бірлік.

Ілмектер: ынтымақ, бірлік

Көнектен шошыған бие оңбас.
Көптен бөлінген үй оңбас.

Ілмектер: бірлік, ынтымақ

Қырық кісі бір жақ,
Қыңыр кісі бір жақ.

Ілмектер: ынтымақ, бірлік

Ынтымақ істі бітірер.

Ілмектер: ынтымақ, бірлік